• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ертаев А. М.
Ертаев А. М.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан мен ХЕҰ: лайықты еңбек жөніндегі Елдік бағдарламаға көшу және жаңа технологиялық сын-қатерлер

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Женеваға (Швейцария) жасаған жұмыс сапары аясында Халықаралық еңбек конференциясының 114-сессиясына қатысып, Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) Бас директоры Жильбер Унгбо мырзамен кездесті. Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын, бірлескен жобаларды іске асыру барысын және әріптестіктің жаңа стратегиялық форматына көшу мәселелерін талқылады.

Асқарбек Ертаев Қазақстан әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға, лайықты еңбек жағдайларын қалыптастыруға және азаматтардың шыққан тегі, әлеуметтік мәртебесі немесе жынысына қарамастан тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге ерекше мән беретінін атап өтті.

Ол Қазақстанның Әлеуметтік әділеттілік үшін жаһандық коалицияға қосылғанын еске салып, оның аясында ХЕҰ, үкіметтер, сондай-ақ жұмыс берушілер және жұмыскерлер ұйымдарымен бірлескен белсенді жұмыс жүргізілетінін айтты.

«ХЕҰ-мен қалыптасқан тәжірибе мен ынтымақтастық бағыттарының кеңеюін ескере отырып, Қазақстан бағдарламалық өзара іс-қимылдың неғұрлым кешенді форматына көшуге мүдделі. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы мен Халықаралық еңбек ұйымы арасында Лайықты еңбек жөніндегі елдік бағдарламаны әзірлеу мәселесін қарастыруды ұсынамыз. Осыған байланысты Қазақстан Үкіметі ХЕҰ және әлеуметтік әріптестермен болашақ бағдарламаның негізгі параметрлері бойынша алдын ала консультациялар бастау мүмкіндігін қарастыруға дайын», – деді министр.

Қазақстан тарапы болашақ бағдарламаның басым бағыттарының бірі ретінде цифрландыру мен жасанды интеллект жағдайында халықты жұмыспен қамтудың келешегіне қатысты тәуекелдер мен мүмкіндіктерді зерттеуге арналған бірлескен жобаларды енгізуді ұсынды.

Кездесу барысында Еңбек министрі ХЕҰ Бас директорын Жол картасын іске асыру аясында Қазақстан қол жеткізген нәтижелермен таныстырды.

Атап айтқанда, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында ХЕҰ сарапшыларымен бірлесіп үш ірі талдамалық жоба жүзеге асырылды. Олардың қатарында Қазақстандағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі ұлттық шолу, сондай-ақ шахталардағы ахуал мен еңбек инспекциясы жүйесіне жүргізілген талдау бар. Осы жұмыстардың нәтижесінде министрлік «Шахталардағы еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасы туралы» №176 Конвенцияны ратификациялау рәсімін бастады.

Сонымен қатар заңнамаға өндірістік тәуекелдерді өтеуге бағытталған тәсілден кәсіби тәуекелдерді алдын ала анықтап, олардың салдарын болдырмауға негізделген проактивті басқару жүйесіне көшуге қатысты түзетулер әзірленді. Аталған өзгерістер 2026 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспары аясында әзірленіп жатқан заң жобасы шеңберінде іске асырылуда.

Еңбекақы төлеу жүйесі мен әлеуметтік қорғауды жетілдіру бағытында да елеулі нәтижелерге қол жеткізілді. Асқарбек Ертаевтың айтуынша, 2025 жылғы 20 қазанда Мемлекет басшысы ХЕҰ-ның «Дамушы елдерді ерекше ескере отырып, ең төменгі жалақыны белгілеу туралы» №131 Конвенциясын ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған.

Әлеуметтік әріптестікті дамыту аясында министрлік ұжымдық еңбек дауларын шешу мәселелері бойынша заңнамаға бірқатар түзетулер әзірлеп, оларды сараптамалық қорытынды алу үшін ХЕҰ-ға жолдады.

Сонымен қатар әлеуметтік әріптестермен бірлесіп «Әлеуметтік әріптестік туралы» заң жобасын әзірлеу және жұмыс берушілердің уәкілетті өкілдерінің қызметін №87 Конвенция талаптарына сәйкес жетілдіру мәселесі қарастырылуда.

Еңбек саласындағы зорлық-зомбылық пен қудалаудың алдын алу бағытында қызметкерлерді жұмыс орнында жыныстық қысымнан қорғауға арналған заңнамалық түзетулер әзірленді. Бұл құжаттарға ХЕҰ сарапшылары тарапынан тиісті сараптамалық бағалау берілген.

Кездесу соңында Асқарбек Ертаев Питер ван Ройды Еуропа және Орталық Азия бойынша ХЕҰ-ның өңірлік бюросының директоры қызметіне тағайындалуымен құттықтады.

Министр оның мол тәжірибесі мен жоғары кәсібилігі лайықты еңбек қағидаттары мен әлеуметтік әділеттілік құндылықтарын ілгерілетуге жаңа серпін беретініне сенім білдірді. Қазақстан Халықаралық еңбек ұйымының жоғары стандарттарына адалдығын растай отырып, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын екенін жеткізді.

  • 09.06.2026
  • 8
Ертаев А. М.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Ертаев А. М.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика