- Блогтар
- Көшербаев Е.Б.
Көшербаев Е.Б.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі
Астанада Сауд Арабиямен өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Өнеркәсіп және минералдық ресурстар министрі Бандар Әл-Хорайефпен кездесті.
Келіссөздер барысында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, өнеркәсіп саласындағы, оның ішінде тау-кен металлургия кешені, аса маңызды минералдар және инфрақұрылым бойынша, өзара іс-қимылды кеңейту перспективаларына ерекше назар аударды.
Е.Көшербаев Қазақстанның Сауд Арабиясымен стратегиялық серіктестікті дамытуға басымдық беретінін атап өтіп, ағымдағы жылы қол қойылған Қазақстан-Сауд Арабиясы Үйлестіру кеңесін құру және инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісімдердің маңызын атап өтті.
Тараптар тау-кен өнеркәсібі мен аса маңызды минералдар саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру, сондай-ақ саудиялық компаниялардың Қазақстандағы инвестициялық бастамаларға қатысу мүмкіндіктерін талқылады.
Сондай-ақ кездесу барысында су қауіпсіздігі мәселелері де қозғалып, халықаралық су ынтымақтастығын дамыту перспективалары қарастырылды.
Өз кезегінде Б.Әл-Хорайеф екіжақты күн тәртібінің барлық бағыттары бойынша практикалық өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға мүдделілігін білдірді.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы өзара тиімді серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін растады.
- 11.06.2026
- 3


