- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есепті тыңдады.
🔷 Ғабит Сыздықбеков өткен жылдың қорытындысы бойынша қаланың жалпы өңірлік өнімі 5,7 трлн теңгеге жетіп, 11 пайызға артқанын баяндады. Жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны бойынша Шымкент еліміздің барлық өңірлері арасында екінші орынға шыққан.
🔷 2025 жылы шаһар экономикасына 859,5 миллиард теңге инвестиция құйылды, оның 72 пайызы жекеге тиесілі. Жалпы өсім – 7,5 пайыз.
🔷 Соңғы үш жылда өнеркәсіп саласында құны 170 миллиард теңге болатын 50 жоба іске қосылып, 3,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.
🔷 Белсенді кәсіпкерлік субъектілер саны 133 мыңға жетіп, олар шығарған өнім көлемі 4,7 триллион теңгені құрады. Оның өңірлік жалпы өнімдегі үлесі 41 пайыздан 56 пайызға артты.
🔷 Қала әкімі 2026 жылдың алғашқы төрт айының қорытындысы бойынша да негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің оң динамикасы сақталып отырғанын жеткізді.
🔷 Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 10,4 пайызға өсті. Бұл өнеркәсіп, құрылыс, сауда және көлік салаларында байқалды.
🔷 Мемлекет басшысына бұған дейінгі тапсырмаларының орындалу барысы туралы ақпарат берілді.
🔷 Қазіргі уақытта 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда. Сондай-ақ биыл 150 орындық оңалту орталығын пайдалануға беру жоспарланған.
🔷 35 мың жанкүйерге арналған заманауи стадион, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық спорт түрлері мен боччаға арналған мамандандырылған кешен құрылыстары жүргізіліп жатыр.
🔷 Сонымен қатар білім беру, денсаулық сақтау және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларына жасанды интеллект технологияларын енгізуге ерекше мән берілуде.
🔷 Мемлекет басшысы Шымкент қаласын одан әрі дамытуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.
- 15.06.2026
- 4


