- Блогтар
- Әбілқасымова М.Е.
Әбілқасымова М.Е.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы
Банктерді қадағалап стресс-тестілеу банк секторының орнықтылығын растады
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Банк секторын қадағалап стресс-тестілеу (ҚСТ) нәтижелері бойынша жыл сайынғы есепті жариялады.
2025 жылы ҚСТ активтердің сапасын бағалау (AQR) аясына кіретін 11 ірі банкті қамтыды, олардың жиынтық активтері мен кредиттік портфельдері тиісінше банк секторының активтері мен кредиттік портфелінің 86%-ы және 87%-ы болды.
2025 жылғы ҚСТ стрестік сценарийде банк секторының орнықтылығын растады.
Қатысушы банктердің стрестік сценарийдегі негізгі капиталының (k1) жиынтық жеткіліктілігі 2025 жылғы I тоқсанда 16,1%-ды құрады (2024 жылы 15,0%), бұл буферлерді есептемегенде, 5,5% болатын ең төменгі белгіленген нормативтен едәуір асып түседі.
Стрестік сценарийдің ең көп көрінуі кезінде кредиттік (-1,3п. т.) және нарықтық (-1,9п. т.) тәуекелдер ең үлкен теріс әсер етті, бұл ретте таза пайыздық және пайыздық емес кірістер (1,4п. т.) олардың капиталға әсерін ішінара өтеді.
ҚСТ нәтижелері бойынша әрбір қатысушы банкке банктердің қолайсыз жағдайларда шығындарды сіңіру қабілетін арттыруға бағытталған және банктердің таза кірісін дивидендтер төлеуге бөлуді шектеу кезінде ескерілетін капиталдың жеткіліктілігіне буфер қолданылды. Банктердің осалдық деңгейіне байланысты буфер мөлшері тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтер мен шартты міндеттемелер сомасының 0%-ынан 3%-ына дейін өзгереді.
Толығырақ; Банктерді қадағалап стресс-тестілеу банк секторының орнықтылығын растады
- 30.06.2026
- 4


