- Блогтар
- Элиманов Ж. Қ.
Элиманов Ж. Қ.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
Қаржылық мониторинг агенттігінде Агенттік Төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов пен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Айдар Мекебековтің кездесуі өтті
Кездесу барысында тараптар медициналық қызметтерді қаржыландыруға бөлінген мемлекеттік қаражатты жымқыруға қарсы бірлескен жұмыстың аралық қорытындыларын шығарды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде жалған мәлімет енгізу фактілері едәуір азайып, медициналық қызметтерді қаржыландырудың ашықтығы артып, бюджет қаражатын заңсыз пайдалану схемаларының жолы кесілгені атап өтілді.
Кездесу қорытындысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі мен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ арасында Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат әріптестікті одан әрі нығайтуға, бірлескен бастамаларды іске асыруға, сондай-ақ ақпараттық-техникалық өзара іс-қимылды дамытуға негіз болады.
- 01.07.2026
- 4


