- Блогтар
- Саясат Нұрбек
Саясат Нұрбек
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі
Ғылым және жоғары білім министрі канадалық Georgian College делегациясымен кездесті
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің канадалық Georgian College делегациясымен ресми кездесуі өтті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасында инженерлік және медициналық кадрларды даярлау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытудың перспективалары талқыланды. Келіссөздер барысында оқу орнының өкілдері қызметтің негізгі бағыттары, стратегиялық басымдықтар мен білім беру бағдарламалары туралы егжей-тегжейлі ақпарат ұсынды. Қазақстанның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен ұзақ мерзімді серіктестікті дамыту мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
- 01.07.2026
- 4


