• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Айдарбек Сапаров мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров орталық аппараттың, комитеттердің және аумақтық бөлімшелердің қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың мемлекеттік саясатты іске асыруға және елдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қосып отырған үлесін атап өтті.

Ведомство басшысы мемлекеттік қызмет азаматтардың өмір сүру сапасына, экономиканың тұрақты дамуына және қоғамның билікке деген сенім деңгейіне тікелей әсер ететін елдің маңызды институттарының бірі екенін ерекше атап өтті.

«Мемлекеттік қызмет – үлкен жауапкершілік, кәсібилік және өз ісіне адалдық. Бұл – халық пен мемлекет мүддесіне қызмет етуге бағытталған күнделікті еңбек. Әрқайсыңыздың ерекше миссияларыңыз бар – азаматтардың сенімін ақтау, мемлекеттік міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету және еліміздің дамуына үлес қосу.

Бүгінде мемлекеттік аппарат алдында Президент айқындаған ауқымды мақсаттар тұр. Олар – мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту және Әділетті Қазақстан құру. Бұл міндеттердің табысты жүзеге асуы әрбір мемлекеттік қызметшінің құзыреттілігіне, жауапкершілігіне және өз ісіне берілгендігіне тікелей байланысты», – деді министр.

Айдарбек Сапаров Министрлік ұжымы елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ауылдық аумақтарды дамыту және отандық тауар өндірушілерді қолдау бағытындағы стратегиялық міндеттерді жүйелі түрде орындап келе жатқанын атап өтті.

Оның айтуынша, соңғы жылдары аграрлық сала тұрақты оң серпін көрсетіп келеді. Мемлекеттік қолдау шараларының, заманауи технологияларды енгізудің және мамандардың кәсіби жұмысының арқасында елеулі нәтижелерге қол жеткізілді. Өсімдік шаруашылығында рекордтық өнім жиналып, аграрлық секторға тартылатын инвестициялар көлемі артып келеді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында жаңа жобалар жүзеге асырылып, отандық агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық әлеуеті кеңеюде. Сонымен қатар, саланы цифрландыруға және өндірістерді жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінуде.

Министр қол жеткізілген барлық нәтижелер көп жылдық салалық ұжымның үйлесімді еңбегінің жемісі екенін атап өтті.

«Сіздердің еңбектеріңіздің ел үшін стратегиялық маңызы зор. Себебі ол азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етумен, ауылдық аумақтарды дамытумен және миллиондаған азаматтардың әл-ауқатымен тікелей байланысты. Әрқайсыңызға жауапкершіліктеріңіз, мамандыққа адалдықтарыңыз және жоғары кәсіби біліктіліктеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін», – деді Айдарбек Сапаров.

Көп жылғы адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және мемлекеттік қызмет пен агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Министрліктің 2 қызметкері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен марапатталды. 1 қызметкер «Еңбек ардагері» медалімен наградталды. Тағы 7 қызметкер «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» ведомстволық наградасына ие болды, ал 17 қызметкерге Ауыл шаруашылығы министрінің Құрмет грамотасы табысталды.

Жалпы кәсіби мерекеге орай 58 адам марапатталды.

Салтанатты жағдайда мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған 4 жас маманның ант беру рәсімі өтті.

Мемлекеттің қызметші күні мерекесі аясында Министрлік атынан жоғары нәтиже көрсеткен 12 жас мемлекеттік қызметшінің ата-анасына алғыс хат табыс етілді.

  • 02.07.2026
  • 7
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика