• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Биыл мал шаруашылығын дамытуға 300 млрд теңге бағытталды

Астанада Мал шаруашылығы және Ветеринария қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Оған Үкімет мүшелері, ғылыми қауымдастық өкілдері, фермерлер, аграрлық кәсіпорындардың басшылары және еліміздің барлық өңірінен келген сала ардагерлері қатысты.

Жиналғандар алдында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин құттықтау сөз алып, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің ыстық лебізін жеткізді.

«Ауыл шаруашылығы саласының дасым бағыттарының бірі-мал шаруашылығы. Бұл сала еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде де маңызды рөл атқарады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет алдағы бес жылға арналған Мал шаруашылығын және ветеринарияны дамытудың кешенді жоспарларын бекітті. Бұл құжаттар саланы сапалы жаңғыртуға, оның тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға негіз болады», – деді вице-премьер.

Биыл мал шаруашылығына жеңілдетілген кредит беру бағдарламаларына 300 млрд теңге бөлінді. Мемлекеттік қолдаудың жаңа тетіктері өндіріс көлемін ұлғайтуға, өнімділікті арттыруға және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін қосымша мүмкіндіктер жасауға жол ашады.

«Үкімет алдағы уақытта да заманауи технологияларды енгізуге, экспорттық әлеуетті дамытуға, өткізу нарықтарын кеңейтуге және ауыл еңбеккерлерінің әл-ауқатын арттыруға қажетті жағдай жасауды жалғастырады», – деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Ал Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров өз сөзінде:

«Биыл біз екі саланың мамандарын бірге құттықтап отырмыз. Мұның өзіндік мәні бар. Себебі қазіргі заманғы мал шаруашылығы мен тиімді ветеринариялық қызмет – бір-бірінен ажырамас ұғымдар. Сіздер бірлесе отырып Қазақстан экономикасының маңызды саласының тұрақты дамуына үлес қосып келесіздер.

Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша мал шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 3,8 трлн теңгеге жетіп, 3,3%-ға өсті.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2026–2030 жылдарға арналған Мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары әзірленді. Құжат саланы сапалы жаңғыртуды, өндіріс көлемін ұлғайтуды және мемлекеттік қолдау тиімділігін арттыруды көздейді», – деді.

Кешенді жоспар аясында асыл тұқымды мал сатып алуға, айналым қаражатын толықтыруға және жайылымдық инфрақұрылымды дамытуға арналған «Игілік», «Береке» және «Жайлау» жаңа жеңілдетілген несие өнімдері іске қосылды.

Өнімділікті арттыру мақсатында малды өсірудің заманауи технологияларын енгізуге мемлекеттік қолдау күшейтіліп, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға арналған ынталандыру шаралары кеңейтілуде.

Министр ветеринария саласының жетістіктеріне де ерекше тоқталды.

«Заманауи мал шаруашылығын тиімді ветеринариялық жүйесіз дамыту мүмкін емес. Биыл 2026–2030 жылдарға арналған Ветеринарияны дамытудың кешенді жоспары қабылданды. Ұзақ жылдардан бері алғаш рет ветеринариялық қызметтің инфрақұрылымын жақсартуға қаржы бөлініп, сала мамандарының еңбекақысын көбейтуге жол ашылды», – деді министр.

Кешенді жоспар аясында ветеринариялық инфрақұрылым нысандарын салу және жаңғыртуға, зертханаларды заманауи жабдықтармен қамтамасыз етуге, мамандандырылған автокөлік паркін жаңартуға әрі материалдық-техникалық базаны нығайтуға 66 млрд теңге қарастырылған. Бұдан бөлек, ветеринария мамандарының жалақысын арттыруға және саланың кадрлық әлеуетін дамытуға 22 млрд теңге бөлінбек.

Салтанатты рәсім аясында мемлекеттік және ведомстволық наградалар табыс етілді.

Серік Жұманғарин мал шаруашылығы мен ветеринария саласының үздік мамандарына Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің Алғыс хаттарын табыс етті.

Одан әрі Айдарбек Сапаров ведомстволық наградалар – медальдар, төсбелгілер және Құрмет грамоталарын тапсырды.

  • 02.07.2026
  • 5
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика