• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сарманов А.А.
Сарманов А.А.

ҚР ЦДИАӨМ «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Науқастарға, соның ішінде коронавирустық инфекциямен ауырғандарға, оңалту көмегін көрсету мәселелері.

Медициналық оңалту – бұл науқастар мен мүгедектер ағзасының бұзылған қызметтерін толықтай немесе жартылай қалпына келтіретін және сақтайтын медициналық қызметтер кешені болып табылады. Медициналық оңалтудың мақсаты – денсаулықты, еңбекке жарамдылықты, жеке және әлеуметтік мәртебені қалпына келтіру, асқынудың алдын алу, материалдық және әлеуметтік тәуелсіздікке жету. Оңалтудың негізгі қағидаларын (кешендік, ерте бастау, кезеңділік, үздіксіздік, реттілік, жеке қызмет көрсету, оңалту процессіне науқастың белсене қатысуы) ұстану науқастың қоғамға тезірек енуіне мүмкіндік береді. Айтылған қағидаларды ұстану, науқастың барынша қалпына келуіне, күнделікті тіршілік шектеуінің азаюына, жағдайының ауыртпалығын төмендетуіне және мүгедектікке шығуын алдын алуға жол береді.

Қазіргі таңда Қазқстан Республикасында медициналық оңалту ҚР ДСМ 2021 жылдың 7 қазандағы «Медициналық оңалту көрсету қағидаларын бекіту туралы» №116 бұйрығымен реттелген. Науқасқа медициналық оңалту қызметін көрсету үшін жоспарлы түрде стационарға емдеуге жатқызу «Емдеуге жатқызу бюросы» ақпараттық жүйе арқылы:

- негізгі ауруын емдеген уақытта, сонымен қатар туберкулезбен ауырғандарға, тегін медициналық жәрдемнің кепілденген көлемі шеңберінде;

- міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде;

- ақылы негізде жүргізіледі.

Медициналық оңалту амбулаториялық жағдайда, стационарлық жағдайда, стационарды алмастыратын үй жағдайында, шипажайлық-курорттық ұйымдарда, медициналық көмек көрсету стандарттарына және диагностика мен емдеу емханалық хаттамаларына сәйкес жүргізіледі. Сонымен қатар үш кезеңнен тұрады:

1) бірінші кезең – аурудың жіті кезеңінде және ота жасалған уақытта, жарақат алған уақытта медициналық оңалту. Оңалтудың бірінші кезеңі негізгі ауруды емдеу шеңберінде оңалту дәрігері кеңес берген соң стационардың мамандандырылған және жоғарытехнологиялық медициналық жәрдем көрсететін құрылымдық бөлімшесінде жүргізіледі. Негізгі ауруды емдеу курсы және медициналық оңалтудың бірінші кезеңі аяқталған соң, бейінді маман оңалту дәрігерімен бірге науқастың шамасын анықтап, оңалту диагнозын,  оңалтудың бағдарлау межелігі бойынша бағытын және шығаратын эпикризді жасаумен  оңалтудың келесі кезеңдеріне (екінші және үшінші) жолдама дайындайды.

Егер науқаста емдеуге және стационарлық жағдайда оңалтудың бірінші кезеңін жүргізу қажеттілігі анықталмаса, медициналық жәрдем көрсетілгеннен кейін және негізгі аурудың емдеуі аяқталған соң, науқас оңалтудың екінші немесе үшінші кезеңіне жіберіледі.  Оңалтудың екінші немесе үшінші кезеңіне жолдама стационардан шыққан уақыттан бастап бір ай уақыт көлемінде беріледі.

2) екінші кезең – медициналық оңалту денсаулық сақтау ұйымдарының мамандандырылған бөлімдерінде немесе денсаулық сақтау ұйымдарының оңалту төсектерінде, мамандандырылған оңалту орталықтарында, көп бейінді стационарларында ауру басталған уақыттан 9 ай аралығында (қызмет етудің халықаралық саралану өлшемдерінің негізінде алғашқы медициналық санитарлық жәрдем ұйымдарының тәртіптік топ мамандарының қатысуымен) жүргізіледі. Екінші кезең аралығында медициналық оңалтудың бірнеше курсын өткізгеннен кейін, әрбір курс жаңа жағдай болып саналады. Екінші кезеңнің курстары арасындағы аралықтың ұзақтығы 30 күннен кем емес уақыт құрайды. Егер науқаста оңалтудың екінші кезеңін өтуге көрсеткіштері анықталмаса, негізгі ауруды емдеу курсы аяқталғаннан кейін, науқас  оңалтудың үшінші кезеңіне жіберіледі.

Медициналық оңалтудың екінші және үшінші кезеңіне жолдама дайындаған уақытта ақпараттық жүйеде екі есе кодтау қолданылады. 

3) Үшінші кезең - негізгі ауруды емдеп болғаннан кейін, туа біткен аурулар бор болған жағдайда қызмет етудің халықаралық саралану өлшемдерінің бағасынан кейін жүргізіледі. Медициналық оңалтудың бірінші және/немесе екінші кезеңдерін жалғастыру қажеттілігі анықталмаған жағдайда науқас Денсаулық сақтау Министрлігінің бұйрығына сәйкес оңалтудың үшінші кезеңіне жіберіледі.

Үшінші кезеңнің медициналық оңалтуы амбулаториялық-емханалық ұйымдарда, күндізгі стационарларда, тәуліктік  стационарларда, оңалту орталықтарында, шипажайлық-курорттық ұйымдарда, алғашқы медициналық санитарлық жәрдем ұйымдарының медициналық қызметкерлерінің жолдамасы бойынша үй жағдайындағы стационарларда жүргізіледі. Үшінші кезеңнің оңалтуы науқастың шамасына қарай еселігі және ұзақтығы бойынша жекеше жүргізіледі.

Созылмалы ауруы бар және жіті бақылауда тұрған балалар мен жеткіншектер аурудың асқынуын алдын алу үшін жүйелі түрде жылына 2-3 рет медициналық оңалтудың үшінші кезеңінен өтеді. Оңалтудың барлық кезеңінен өткен, жіті бақылауда  тұруға тиіс ересектер оңалту дәрігердің немесе алғашқы медициналық санитарлық жәрдем ұйымы дәрігерінің жолдамасы бойынша тіртіптік топтың ұсынысы бойынша медициналық оңалтудың үшінші кезеңінен жыл сайын өтеді. 

Коронавирустық инфекциямен ауырған науқастарға медициналық оңалту қызмет етудің халықаралық саралану өлшемдеріне сәйкес науқастың жағдайына, оңалту шамасының деңгейіне, аурудың ағымына қарай жүргізіледі.

  • 05.04.2021
  • 370
Сарманов А.А.

ҚР ЦДИАӨМ «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры

Сарманов А.А.
(Мұрағат)

ҚР ЦДИАӨМ «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика