- Блогтар
- Саясат Нұрбек
Саясат Нұрбек
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Аризона университетінің президентімен кездесті
Астанада ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Аризона университетінің президенті Суреш Гаримелламен кездесу өткізді.
Кездесуге Аризона университеті делегациясының өкілдері, аталған жоғары оқу орнымен стратегиялық серіктестікті табысты жүзеге асырып келе жатқан М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің ректоры, сондай-ақ ҚР Туризм және спорт вице-министрі қатысты.
Тараптар жоғары білім, ғылым және инновациялар салаларындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Кездесу барысында жоғары білікті кадрлар даярлау, бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру, ғылыми зерттеулерді дамыту, академиялық ұтқырлықты кеңейту, технологиялар трансфері және ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
- 09.07.2026
- 5


