- Блогтар
- Элиманов Ж. Қ.
Элиманов Ж. Қ.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
Баку қаласында «Эгмонт» тобының Пленарлық апталығы және Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше мемлекеттердің Қаржылық барлау бөлімшелері (ҚББ) форумы өтті
Қаржылық мониторинг агенттігінің делегациясы «Эгмонт» қаржылық барлау бөлімшелері тобының 32-ші пленарлық аптасына және Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше мемлекеттердің Қаржылық барлау бөлімшелері (ҚББ) форумына қатысты.
Пленарлық отырысқа 180-нен астам елдің қаржылық барлау бөлімшелерінің басшылары, қайта тағайындалған ФАТФ президенті Джайлс Томсон және жетекші халықаралық сарапшылар қатысты.
Пленарлық отырыстың негізгі тақырыптарының бірі ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік болды.
Қатысушылар қаржылық барлау ақпараттарымен алмасудың тиімділігін арттыруға, трансшекаралық тәуекелдерді анықтауға, сондай-ақ жасанды интеллектіні қоса алғанда, заманауи технологияларды қолдануға бағытталған өзара іс-қимылдың жаңа модельдерін талқылады.
Пленарлық апта аясында Швейцарияның қаржылық барлау бөлімшесімен кездесу өтіп, оның барысында ынтымақтастықты кеңейту перспективалары қарастырылды.
ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің Қаржылық барлау бөлімшелері форумында қылмыстық кірістерді жылыстату тәуекелдері мен өңірлік өзара іс-қимыл мәселелері қаралды. Сонымен қатар, Болгария, Намибия және ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің қаржылық барлау бөлімшелерімен өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылды.
Анықтама үшін: Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер – Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан. Венгрия мен Түрікменстан ұйым жанындағы бақылаушы мемлекеттер мәртебесіне ие.
Қазақстанның аталған іс-шараларға қатысуы Агенттіктің халықаралық деңгейдегі ұстанымын нығайтып, тәжірибе алмасу мен қаржылық қауіпсіздік саласындағы бірлескен бастамаларды іске асыруға жаңа мүмкіндіктер ашты.
- 13.07.2026
- 6


