- Блогтар
- Саясат Нұрбек
Саясат Нұрбек
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі
Қытайда ҚазҰУ филиалы ашылады
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалы Қытайдың Сучжоу қаласында орналасқан Сучжоу университетінде ашылады. Тиісті келісімге Қазақстан-Қытай жоғары технологиялық компанияларының дөңгелек үстелі аясында қол жеткізілді.
Меморандумға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма төрағасы – ректоры Жансейіт Түймебаев пен Сучжоу университетінің ректоры Чжан Цяо қол қойды. Жоспар бойынша алғашқы оқу жылында үш білім беру бағдарламасы бойынша студенттер қабылданады. Атап айтқанда, электротехника және жасанды интеллект бағыттары бойынша мамандар даярлау жоспарланған. Әр білім беру бағдарламасына 100 студенттен қабылдау көзделіп отыр.
https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1258972?lang=kk
- 16.07.2026
- 5


