- Блогтар
- Саясат Нұрбек
Саясат Нұрбек
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі
ҚазҰУ «Цифрлық және зияткерлік шеберхананың» ІІ кезеңін іске асырады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына жасаған сапары аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Jiangsu Huibo Robotics Technology» компаниясымен келісім жасады.
Қазақстан-Қытай жоғары технологиялық компанияларының отырысында университет ректоры Жансейіт Түймебаев пен қытайлық компания басшылығы ресми құжатқа қол қойды.
Меморандум бұған дейін құрылып, жұмыс істеп тұрған «Цифрлық және зияткерлік шеберхананың» бірінші кезеңінің нәтижесіне сүйене отырып, аталған шеберхананың екінші кезеңін бірлесіп дамытуға бағытталған.
https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1259034?lang=kk
- 16.07.2026
- 5


