• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Айдарбек Сапаров жаңа өнімді қабылдауға дайындықты күшейтуді тапсырды

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен өткен кеңесте 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өсімдік шаруашылығы саласының даму қорытындылары, вегетациялық кезеңнің өту барысы және алдағы егін орағы науқанына дайындық мәселелері қаралды.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов егіс алқаптарын кезең-кезеңімен әртараптандыру және табыстылығы жоғары дақылдарға көшу жұмыстарының жүйелі түрде жалғасып жатқаны туралы баяндады.

Атап айтқанда, майлы дақылдардың егіс алқабы 4,3 млн гектарға жетті. Бұл ең жоғары көрсеткіш.
Мал азықтық дақылдардың егіс көлемі 3,3 млн гектарға, жүгері алқабы 253,4 мың гектарға дейін ұлғайтылды. Сонымен қатар, бидай алқабы 125 мың гектарға қысқартылып, оңтүстік өңірлерде дәстүрлі суармалы күріш пен мақта егістігінің көлемі оңтайландырылды.

Соңғы үш жылда егіс құрылымындағы дәнді дақылдардың үлесі 73%-дан 66%-ға дейін төмендеп, майлы дақылдардың үлесі 18%-ға дейін өсті. Ең жоғары нәтижелер еліміздің негізгі астықты өңірлерінде тіркелді.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді минералдық тыңайтқыштармен қамтамасыз ету деңгейін арттыру жұмыстары жалғасуда. Биыл жоспарланған көлемнің 78%-ына келісімшарт жасалып, тыңайтқыштар жерге енгізілді.

Кеңесте егін орағы науқанына дайындық және астық қабылдау инфрақұрылымының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мәселесіне ле ерекше назар аударылды.

Еліміздегі астық сақтау қоймаларының жалпы сыйымдылығы 30,7 млн тоннаны құрайды. Демек, болжанып отырған өнім көлемін толық көлемде қабылдауға мүмкіндік жеткілікті.

Министр элеваторлардың жүктемесін азайтуды және қажет болған жағдайда жаңа өнімді қабылдау мүмкіндігін арттыру мақсатында астықты еліміздің оңтүстік өңірлеріне тасымалдауды ұйымдастыруды тапсырды.

Агрометеорологиялық мониторинг деректеріне сәйкес, ауа райы жағдайларының әркелкі болуына қарамастан, ауыл шаруашылығы алқаптарының басым бөлігінде өнімді ылғал қоры оңтайлы деңгейде сақталған. Дәнді және майлы дақылдар егістігінің 99%-дан астамының жағдайы жақсы және қанағаттанарлық деп бағалануда. Бұл мол әрі сапалы өнім алуға қолайлы алғышарт қалыптастырып отыр.

Оңтүстік және батыс өңірлерде күздік дақылдарды жинау жұмыстары басталды. Бүгінгі күні 635,8 мың тонна астық бастырылды. Орташа өнімділік гектарына 20,6 центнерді құрады.

Жиынды қорытындылай келе, министр аудандар мен өңірлердегі астық қабылдау бекеттерінің жай-күйіне жан-жақты талдау жүргізуді және олардың жаппай егін орағы басталғанға дейін толық дайын болуын қамтамасыз етуді қатаң тапсырды. Сонымен қатар ауа райына байланысты тәуекелі жоғары өңірлерді дер кезінде айқындап, алдын ала жедел шаралар қабылдауды, сондай-ақ минералдық және органикалық тыңайтқыштарды енгізу жұмыстарын жоспарға сай толық орындалуын қамтамасыз етуді міндеттеді.

«Егін орағы науқаны – қалт жіберуге болмайтын, ең жауапты кезеңдердің бірі. Вегетациялық кезеңнің өтуіне, техникалардың, элеваторлардың және логистикалық инфрақұрылымның дайындығына қатысты барлық мәселе тұрақты бақылауда болуы тиіс. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмысын нақты үйлестіріп, егінді оңтайлы мерзімде ысырапсыз жинауды, сондай-ақ жаңа өнімді қабылдауға барлық қажетті жағдайды қамтамасыз ету қажет», – деді Айдарбек Сапаров.

  • 21.07.2026
  • 5
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика