• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Аринов Ч.С.
Аринов Ч.С.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ТЖМ басшысы Смирново ауылында жаңғыртылған өрт сөндіру бөлімін ашты

Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново ауылында жаңғыртудан өткен өрт сөндіру бөлімінің салтанатты ашылуына қатысты. Іс-шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, жеке құрам, ардагерлер және ауыл тұрғындары қатысты. Аталған бөлім Смирново ауылы мен Аққайың ауданының 28 елді мекенін өрттен қорғауды қамтамасыз етеді. Бұл аумақта 17 мыңнан астам адам тұрады.

Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген министр өрт сөндіру бөлімдерін жаңғырту құтқарушылар үшін заманауи жағдай жасауға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі екенін атап өтті. «Соңғы жылдары біз он беске жуық өрт сөндіру депосын заманауи талаптарға сай жаңғырттық. Бүгін бұл жұмыс Солтүстік Қазақстан облысында жалғасуда. Біздің басты міндетіміз құтқарушыларға лайықты қызмет жағдайын жасап, оларды заманауи инфрақұрылыммен қамтамасыз ету. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы және біз оны әкімдіктермен бірлесіп кезең-кезеңімен жүзеге асырып келеміз. Әрбір аудан орталығы мен әрбір ауылда заманауи өрт сөндіру депосы болуы тиіс. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады», – деді Шыңғыс Әрінов.

  Іс-шара барысында ведомство басшысы қызметкерлерге жаңа өрт сөндіру, инженерлік және мамандандырылған техниканың кілттерін табыс етті. Жергілікті атқарушы органның қаражаты есебінен бөлімшенің материалдық-техникалық базасы өрт сөндіру автоцистернасымен, ТРЭКОЛ қар-батпақ жүргішімен, вахталық автокөлікпен және жедел-құтқару автомобильдерімен толықтырылды. Жобаны іске асыруға қосқан үлесі үшін жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, құтқарушылар және кәсіпкерлер ТЖМ ведомстволық наградаларымен және облыс әкімінің марапаттарымен марапатталды.

  Өрт сөндіру бөлімін жаңғырту барысында нысанға ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Ғимараттың бір бөлігі бұзылып, оның орнына заманауи ангар салынды. Жеке құрамның тәулік бойы қызмет атқаруына қолайлы әрі функционалды жағдай жасалды. Бөлім газ-түтіннен қорғау қызметінің бекетімен, заманауи оқу сыныбымен, диспетчерлік пунктпен, демалыс және жеке құрамды даярлау бөлмелерімен, сондай-ақ өрт-техникалық қару-жарақ пен жабдықтарды сақтау және қызмет көрсету аймақтарымен жабдықталды.

  Сонымен қатар бөлім аумағында кәсіби машықтарды пысықтауға арналған оқу-жаттығу мұнарасы, дене дайындығына арналған футбол алаңы, абаттандырылған терраса және қызметтен тыс уақытта қызметкерлердің демалуына арналған мангал аймағы салынды. Осылайша жеке құрамның кәсіби даярлығын тиімді ұйымдастыруға және олардың жайлы демалып, күш-қуатын қалпына келтіруіне мүмкіндік беретін заманауи инфрақұрылым қалыптастырылды.

 

  • 21.07.2026
  • 8
Аринов Ч.С.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

Аринов Ч.С.
(Мұрағат)

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика