• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ертаев А. М.
Ертаев А. М.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Еңбек министрлігінде 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындылары шығарылды

Бүгін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың төрағалығымен Министрліктің кеңейтілген отырысы өтті. Онда ведомствоның 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметінің қорытындылары қаралып, жыл соңына дейінгі негізгі міндеттер айқындалды.

Отырысқа министрлік қызметкерлері, орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың, комитеттер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ Қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.

Отырысты ашқан Асқарбек Ертаев министрліктің мемлекеттік әлеуметтік саясатты іске асыруды жалғастырып, азаматтар алдындағы әлеуметтік міндеттемелердің уақтылы орындалуын қамтамасыз етіп отырғанын атап өтті.

«2026 жылы әлеуметтік төлемдерге 6,8 трлн теңге қарастырылған. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 4,6 млн адам зейнетақы және жәрдемақымен қамтылып, оларға 3,3 трлн теңге төленді. Біздің міндетіміз – әлеуметтік төлемдердің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, халықты әлеуметтік қолдау шараларының тиімділігін одан әрі арттыру», – деді министр.

Отырыс барысында халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

«Жылдық жұмыспен қамту жоспары 548 мың адамды құрайды. Бірінші жартыжылдықта шамамен 250 мың адам жұмысқа орналастырылды, бұл жылдық жоспардың 46%-ына тең. Сонымен қатар жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қосымша шаралары аясында 245 мыңнан астам азамат қолдау алды. Жұмыс іздеуде қиындықтарға тап болған азаматтарға атаулы жұмыспен қамту шаралары арқылы қолдау көрсету жалғасуда», – деді Асқарбек Ертаев.

Азаматтардың еңбек құқықтарын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың нәтижелері туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев баяндады. Оның айтуынша, мемлекеттік еңбек инспекциясы еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету бағытындағы қызметін жүйелі түрде күшейтіп келеді.

«Биылғы жылдың алты айында мемлекеттік еңбек инспекторлары 3 607 тексеру жүргізді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,6%-ға көп. Бақылау іс-шаралары барысында еңбек заңнамасының 4 мыңнан астам бұзушылығы анықталып, жұмыс берушілерге 2,3 мыңнан астам міндетті нұсқама берілді, сондай-ақ әкімшілік ықпал ету шаралары қабылданды», – деді Ербол Тұяқбаев.

Еңбек нарығындағы ахуал туралы вице-министр Эльдар Күзенбаев баяндады. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша еліміздегі жұмыссыздық деңгейі 4,5%-ды құрады.

«Жұмыспен қамту қызметін дамытудың басым бағыттарының бірі – мемлекеттік қызметтердің жеделдігін, атаулылығын және сапасын арттыруға мүмкіндік беретін цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді енгізу», – деді ол.

Вице-министр Виктория Шегай өз баяндамасында медициналық-әлеуметтік сараптама жүйесін дамыту және әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.

«Медициналық-әлеуметтік сараптаманы сырттай жүргізу тетігін енгізу жалғасуда. Бүгінде куәландырулардың 45%-дан астамы осы форматта өткізіледі. Әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту заңнаманы жетілдіру, цифрлық сервистерді енгізу, оңалту инфрақұрылымын дамыту және мемлекеттік бақылау тетіктерін күшейту арқылы кешенді түрде жүзеге асырылып жатыр», – деді Виктория Шегай.

Әлеуметтік-еңбек саласын цифрлық трансформациялау барысы туралы вице-министр Бақтияр Жазықбаев баяндады.

«Жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді автоматты түрде тағайындау тетігі енгізілді. Мемлекеттік қызметтердің тоғыз түрі бойынша қызмет көрсету мерзімі бір күнге дейін қысқартылып, еңбек шығындары оңтайландырылды, сондай-ақ өтініштерді қарау барысында жіберілетін қателіктер саны едәуір азайтылды», – деді ол.

Отырысты қорытындылаған Асқарбек Ертаев алдағы кезеңде ерекше назар аударуды талап ететін бағыттарды айқындады. Олардың қатарында медициналық-әлеуметтік сараптама сапасын арттыру, оңалту орталықтарының құрылысын белгіленген мерзімде аяқтау және өңірлік жұмыспен қамту жоспарларының орындалуын қамтамасыз ету мәселелері бар.

«Осы бағыттардың әрқайсысы бойынша нәтижелі әрі үйлестірілген жұмысты қамтамасыз ету маңызды. Қажетті шешімдерді уақытылы қабылдап, ведомствоаралық өзара іс-қимылды тиімді ұйымдастыру және қойылған міндеттердің сапалы орындалуын қамтамасыз ету – басты міндет», – деп атап өтті министр.

Отырыс қорытындысы бойынша министрліктің құрылымдық бөлімшелері, комитеттері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшыларына жоспарланған іс-шаралардың іске асырылуын, сондай-ақ 2026 жылдың соңына дейін белгіленген нысаналы көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.

  • 28.07.2026
  • 5
Ертаев А. М.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Ертаев А. М.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика