- Блогтар
- Ертаев А. М.
Ертаев А. М.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Асқарбек Ертаев азаматтарды жеке қабылдады
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев азаматтарды жеке қабылдап, мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша түскен өтініштерді қарады.
Қабылдау барысында азаматтар өздерін толғандырған мәселелерді тікелей жеткізіп, ұсыныстарын білдіруге, сондай-ақ қолданыстағы мемлекеттік қолдау шаралары мен заңнама нормаларына қатысты жан-жақты түсіндірме алуға мүмкіндік алды.
Министр әрбір өтініш иесін мұқият тыңдап, көтерілген барлық мәселелер бойынша толыққанды жауап берді. Қосымша зерделеуді қажет ететін өтініштерді Асқарбек Ертаев жеке бақылауына алып, министрліктің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне оларды жан-жақты қарастырып, қолданыстағы заңнама аясында қажетті қолдау көрсетуді тапсырды.
Азаматтарды тұрақты түрде жеке қабылдау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Бұл тәжірибе халықпен ашық диалогты нығайтуға, азаматтардың өтініштеріне жедел ден қоюға және әлеуметтік қолдау жүйесін одан әрі жетілдіруге ықпал етеді.
- 28.07.2026
- 4


