• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Айдарбек Сапаров өңірлерге мал шаруашылығын дамыту жұмыстарын жеделдетуді тапсырды

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен кеңес өтіп, 2030 жылға дейінгі Мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарын іске асыру барысы талқыланды. Кеңеске қаржы институттарының, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрылымдық бөлімшелері басшылары және облыс әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Айдарбек Сапаров мемлекет тарапынан мал шаруашылығын дамытуға қажетті барлық қаржылық мүмкіндіктер жолға қойылғанын атап өтті. Кешенді жоспар аясында «Игілік», «Береке» және «Жайлау» жеңілдетілген несие бағдарламалары іске асырылуда. Сонымен қатар саланың барлық бағыты бойынша айналым қаражатын толықтыруға арналған жеңілдетілген несиелеу көлемі кеңейтілді.

«Біз фермерлердің ұсыныс-тілектерін ескеріп, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы қаржыландырылатын бағдарламаларға қатысу талаптарын едәуір жеңілдеттік. Ендігі міндет – өңірлерде жобаларды сапалы іріктеу.Мемлекеттік қаражаттың тиімді игерілуі мен жеңілдетілген несиелердің қайтарымдылығы үшін облыс әкімдіктері жанынан құрылған комиссиялар мен қаржы институттары жауапты болады. Сондықтан барлық тәуекел жағдайлар алдын ала жан-жақты пысықталып, әрбір жоба қаржыландыру туралы шешім қабылданғанға дейін мұқият сарапталуы тиіс», – деді министр.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалиннің айтуынша, өңірлерге 34,5 мың бас ауыл шаруашылығы жануарын сатып алуға 43 млрд теңге бағытталған.

Сонымен бірге бірқатар өңірде жобаларды қарау және іске асыру қарқыны әлі де төмен. Осыған байланысты Айдарбек Сапаров жұмысты жеделдетуді, әрбір жобаны жеке сүйемелдеуді қамтамасыз етуді және іске асыруға толық дайын емес жобаларға мемлекет қаржысын бағыттамауды тапсырды.

Кеңесте ірі егіншілік шаруашылықтарын мал шаруашылығын дамытуға тарту мәселесіне де ерекше назар аударылды. Бүгінде Қазақстанда жер көлемі 10 мың гектардан асатын, алайда жеткілікті жер қоры мен өндірістік әлеуетіне қарамастан малмен айналыспайтын шаруашылығы 329 жер пайдаланушы бар.

«Бұл шаруашылықтардың мал шаруашылығын дамытып, толыққанды өндірістік тізбекті қалыптастыруға әлеуеті жеткілікті. Бұл – Мемлекет басшысының, сонымен қатар, Премьер-министрдің нақты тапсырмасы. Сондықтан әкімдіктер осындай кәсіпорындармен жұмысты қысқа мерзімде жандандыруы қажет», – деді Айдарбек Сапаров.

Кеңесте алдағы мал қыстату науқанына дайындық барысы да қаралды. Өңірлердің мәліметіне сәйкес, бүгінгі таңда 16 млн тонна мал азығы дайындалған. Дегенмен кейбір облыстарда мал азығын дайындау қарқыны жоспарланған деңгейден төмен.

Кеңес қорытындысында министр өңірлерге 2030 жылға дейінгі Мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарын сапалы іске асыруды, инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді күшейтуді, ірі жер пайдаланушыларды мал шаруашылығын дамытуға белсенді тартуды, сондай-ақ мал азығын дайындау қарқынын жеделдетіп, қолда бар шабындық алқаптарды тиімді пайдалануды және алдағы қысқы кезеңге қажетті жемшөп қорын уақытылы қолға алуды тапсырды.

  • 31.07.2026
  • 5
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика