• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Айдарбек Сапаров егін жинау науқанын жоғары деңгейде өткізуді қамтамасыз етуді тапсырды

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен өткен кеңесте егін жинау науқаны барысы талқыланды.

Кеңеске қаржы институттарының, Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары және облыс әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың айтуынша, өңір әкімдіктерінің жедел мәліметтеріне сәйкес күздік дақылдарды жинау жұмыстары аяқталуға жақын. Орташа өнімділік гектарына 19,1 центнерді құрады. Бүгінгі күні 1,3 млн тонна астық бастырылды, оның ішінде 890,4 мың тоннасы – бидай.

Сонымен қатар көкөніс және бақша дақылдарын жинау жалғасуда. Бүгінгі таңда 339 мың тонна көкөніс пен 140 мың тонна бақша дақылы жиналды.

Өңірлердің мәліметіне сәйкес дәнді және майлы дақылдар алқаптарының 99%-ы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда.

Жаңа өнімді үздіксіз қабылдауды қамтамасыз ету мақсатында министрлік облыс әкімдіктерімен және «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамымен бірлесіп элеваторларда сақтау орындарын босату жұмыстарын жүргізуде.

Qoldau.kz порталының мәліметіне сәйкес лицензияланған астық сақтау қоймаларындағы астық қоры 2,4 млн тоннаны құрайды. Бос сақтау орны 10,8 млн тонна, бұл жаңа өнімді ешқандай шектеусіз қабылдауға мүмкіндік бермек.

Ел үшін маңызды науқанды жан-жақты қолдау мақсатында Энергетика министрлігі тарапынан 401 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді. Сондай-ақ 1,9 млн тонна минералды тыңайтқыш жіберілді.

Министр егін жинау науқанының барысы тұрақты әрі қатаң бақылауда екенін баса айтты. Өйткені науқанды уақытылы әрі сапалы өткізу ел экономикасының қозғаушы күштерінің бірі саналатын агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуына, саланың экономикалық көрсеткіштерінің артуына және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей ықпал етеді.

Кеңес жұмысын қорытындылай келе ведомство басшысы өңір әкімдіктеріне жанар-жағармайдың уақытылы жеткізілуіне, техникалардың, астық кептіру кешендерінің, элеваторлар мен қоймалардың дайындығына қатаң бақылау жасауды, сондай-ақ егін жинау жұмыстарына күн сайын мониторинг жүргізіп, туындаған мәселелерді жедел шешуді тапсырды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қатарынан екінші жыл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге бұрын-соңды болмаған мемлекеттік қолдау көрсетілуде. Жеңілдетілген несиелеу аясында 750 млрд теңге бөлінді. Бүгінгі күні оның 641 млрд теңгеден астамы игерілді. Ерте қаржыландырудың арқасында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер егіс пен егін жинау науқандарына дер кезінде қамданып үлгерді. Бүгінгі алдымызда тұрған негізгі міндет – егін жинау науқанын жоғары деңгейде өткізіп, межелі мерзімде сапалы аяқтау», – деді Айдарбек Сапаров.

  • 31.07.2026
  • 5
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика