- Блогтар
- Саясат Нұрбек
Саясат Нұрбек
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі
Alatau City-де KAIST филиалын ашу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі таныстырылды
Астанада Кореяның озық ғылым және технологиялар институтының (KAIST) филиалын Алатау қаласында ашу жөніндегі бірлескен флагмандық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің (ТЭН) ресми таныстырылымы өтті.
Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Корея Республикасының ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі, KAIST басшылығы мен сарапшылар тобы, сондай-ақ Alatau City басқарушы компаниясының өкілдері мен инвесторлары қатысты.
Кездесу барысында KAIST командасы QAIST жобасының аяқталған техникалық-экономикалық негіздемесінің нәтижелерін ұсынды. Онда болашақ университеттің тұжырымдамасы мен академиялық моделі, ғылыми зерттеулердің басым бағыттары, факультеттердің құрылымы мен білім беру бағдарламалары, сондай-ақ жобаны іске асырудың экономикалық тиімділігі мен ықтимал тәуекелдеріне берілген бағалау қамтылды.
- 03.08.2026
- 9


