• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Айдарбек Сапаров Солтүстік Қазақстан облысында астық жинау науқанына дайындық барысымен танысты

Жұмыс сапары аясында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Солтүстік Қазақстан облысында астық жинау науқанына дайындық барысымен танысып, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын аралады және агроқұрылымдардың басшыларымен кездесті.

Егіс алқаптарын аралау барысында министр «Омская-35» сұрыпты бидайдың жай-күйімен танысты. Биыл аталған дақылдың орташа өнімділігі гектарына 30 центнерге жетіп отыр.
Кездесуде астық жинау науқанына дайындық, жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету, сондай-ақ маусымдық дала жұмыстарын үздіксіз ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

«Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері сапалы астық жинау үшін барлық қажетті жағдай жасалды. Жеңілдетілген қаржыландыру қолжетімді, арзандатылған дизель отыны жеткізілуде, машина-трактор паркі жаңартылып, ауыл шаруашылығы техникасына сервистік қызмет көрсетілуде. Ендігі міндет – астық жинау науқанын ұйымшылдықпен өткізіп, жиналған өнімнің ысырапсыз сақталуын және астық сапасының жоғары деңгейде болуын қамтамасыз ету», – деді Айдарбек Сапаров.

Министр астық жинау жұмыстарымен қатар заманауи агротехнологияларды сақтау, ауыл шаруашылығы өндірісінің өнімділігін арттыру, мал азығы базасын нығайту және аграрлық саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде мал шаруашылығын жүйелі дамыту жұмыстарын жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ Айдарбек Сапаров Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату бағдарламасы аясында салынған «Нежинка-Ерке» серіктестігінің сүт-тауарлы фермасы жұмысымен танысты. Заманауи кешен 800 бас ірі қара мал ұстауға арналған.

Кәсіпорынның жалпы ауыл шаруашылығы алқаптарының көлемі 28,2 мың гектарды құрайды. Биыл дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 15,6 мың гектарға, майлы дақылдар 3,8 мың гектарға, ал мал азықтық дақылдар 1,9 мың гектар жерге егілген.

Кәсіпорынның машина-трактор паркі заманауи техникамен жабдықталған. Онда 37 астық жинайтын комбайн және түрлі үлгідегі 60 трактор бар.

Солтүстік Қазақстан облысы еліміздің жетекші аграрлық өңірлерінің бірі әрі астық өндіретін негізгі өңір саналады. Биыл облыстағы жалпы егін жинау алаңы 4,3 млн гектарды құрайды. Оның ішінде 2,9 млн гектары – дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар үлесінде.

Өңірде екінші жыл қатарынан майлы дақылдардың егіс көлемі ұлғайып келеді.

Биыл 1,3 млн гектарға жетіп, республика бойынша ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді.

Күздік дақылдарды жинау жалғасуда. Өткен жылмен салыстырғанда егіс көлемі төрт есеге ұлғайып, 11,4 мың гектарға жетті. Қазіргі уақытта 7,2 мың гектар немесе жалпы егіс алқабының 64 пайызы жиналды. Сонымен қатар диқандар жасымық, асбұршақ, бидай, арпа және сұлы сияқты жаздық дақылдарды жинауға кірісті.

Өңірде астық жинау науқанын өткізуге қажетті техника толық дайын. Машина-трактор паркінің құрамында 6,6 мың астық жинайтын комбайн, оның ішінде 4 мың жоғары өнімді техника, 10,3 мың трактор, 4,3 мың жатка және басқа да ауыл шаруашылығы техникалары бар. Техника толықтай дайын.

Жұмыс сапарын қорытындылай келе министр агроөнеркәсіп кешенінің қарқынды дамуы үздіксіз жүргізілетін, жүйелі жұмыстардың нәтижесіне байланысты екенін баса атап өтті.

Осыған байланысты өндіріс тиімділігін арттыру, заманауи технологияларды кеңінен енгізу, қолда бар ресурстарды ұтымды пайдалану және мал шаруашылығын дәйекті дамыту қажет. Мұндай кешенді тәсіл саланың әлеуетін күшейтіп, елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға әрі отандық агроөнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

  • 05.08.2026
  • 3
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика