- Блогтар
- Қасымбек Ж. М.
Қасымбек Ж. М.
Астана қаласының әкімі
Елорданы абаттандыру бойынша кешенді жұмыс жүріп жатыр
✅Елорданы абаттандыру бойынша кешенді жұмыс жүріп жатыр. Биыл 173 қоғамдық және аула кеңістігін абаттандырамыз. Олардың қатарында мыңдаған тұрғын күн сайын демалатын саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар, аулалар, жаяу жүргіншілер аймақтары мен қоғамдық орындар бар.
Біздің міндетіміз – қаланың әр ауданында заманауи, жайлы әрі қауіпсіз қоғамдық кеңістіктер ашу. Бүгін елордадағы бірқатар ірі қоғамдық кеңістіктің құрылыс барысымен таныстым.
✔️Елордада Омаров көшесінен Төле би көшесіне дейінгі аралықтағы «GreenLine» желілік саябағының екінші кезеңі абаттандырылып жатыр. Мұнда серуендеу жолдары, ауқымды көгалдандыру, демалыс аймақтары, спорт инфрақұрылымы және экологиялық шешімдер қарастырылған заманауи қоғамдық кеңістік ашылады.
✔️Сондай-ақ «Кіші Талдыкөл» экосаябағы жобасының жүзеге асу барысын тексердік. Жобаның негізгі мақсаты – аумақтың табиғи ландшафтын сақтау, жаңа рекреациялық кеңістіктер құру, табиғи экожүйені қалалық ортамен үйлестіру, су деңгейін қажетті мөлшерде ұстап тұру және тұрғындардың демалуына әрі биоалуантүрлілікті сақтауға арналған тұрақты табиғи аумақ қалыптастыру.
✔️Жоба аясында «Мыңжылдық» аллеясында жаңа қоғамдық кеңістіктер құрылып жатыр. Жұмыс алғашқы екі учаскеден – Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры маңындағы гүлзардан және «Нұрлы жол» теміржол вокзалының жанындағы саябақ пен вокзал маңы аумағынан басталды.
✔️Мәңгілік Ел даңғылын абаттандырудың екінші кезеңінің жүзеге асу барысын тексердік. Мұнда заманауи қоғамдық кеңістік ашу жұмысы жүріп жатыр: аумағы көгалдандырылып, жаяу жүргіншілерге арналған тұстары абаттандырылып, тұрғындарға қолайлы қалалық орта жасалып жатыр.
✔️Бейбітшілік және келісім саябағының екінші кезеңі аясында аумақты ауқымды көгалдандыру және тұрғындардың серуендеп, тынығуына арналған классикалық бақ салу жұмысы жүріп жатыр.
- 06.08.2026
- 4


