• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Аринов Ч.С.
Аринов Ч.С.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ТЖМ Алматы облысының биік таулы аймақтарында сел қаупін мониторингілеу және ерте ескерту жүйесін күшейтуде

Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов Алматы облысының биік таулы аудандарындағы сел қаупін мониторингілеу және ерте ескерту заманауи жүйесінің жұмысымен танысты.

 Негізгі бағыттардың бірі биік таулы бақылау бекеттерін автономды тұрғын модульдермен жабдықтау бойынша Қазақстандағы алғашқы жобаны іске асыру болды. ТЖМ басшысы Талғар өзені бассейніндегі мореналық көлде орналасқан бақылау бекетінің жаңа модульдік үйін ашты.

  Модуль ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ-нің жарылу қаупі бар мореналық көлдерге мониторинг жүргізетін маусымдық бақылаушыларының тәулік бойы тұруына және қызмет атқаруына арналған. Ол биік таулы жағдайларда пайдалануға бейімделген, жылу оқшаулағышпен, жұмыс істеу және демалу үшін қажетті барлық құрал-жабдықтармен, сондай-ақ қызметкерлердің ұзақ уақыт болуына қажетті тұрмыстық жағдайлармен жабдықталған.

  Қолайлы жағдайлардың жасалуы маусымдық бақылаушыларға сел қаупі кезеңі бойы тәулік бойы қызмет атқарып, мореналық көлдердің жағдайын үздіксіз бақылауға, ықтимал қауіптерді уақтылы анықтауға және қажетті шешімдер қабылдау үшін ақпаратты жедел жеткізуге мүмкіндік береді.

  Алматы қаласы мен Алматы облысының биік таулы аймақтарындағы мониторинг жүйесін одан әрі жаңғырту аясында тамыз айының ортасына дейін маусымдық бақылау бекеттері үшін жылытылған тағы 11 модульдік үй орнату жоспарлануда.

  Тағы бір маңызды бағыт - автоматтандырылған мониторинг жүйесін енгізу. Министр Талғар өзені бассейнінде орнатылған төрт автоматтандырылған мониторинг станциясының жұмысын іске қосты.

  Станциялар гидрологиялық параметрлерді үздіксіз бақылауға және сел үдерістерінің туындау қаупін жедел анықтауға арналған. Жабдық нақты уақыт режимінде су деңгейін, сел қаупі бар өзен арналарының және ықтимал жарылу қаупі бар мореналық көлдердің жағдайын бақылап отырады.

  Алынған деректер жағдайды талдау, тәуекелдерді бағалау және уақтылы алдын алу шараларын қабылдау үшін «Қазселденқорғау» ММ мамандарына беріледі. Қатты жауын-шашын, қардың белсенді еруі және басқа да қолайсыз табиғи факторлар жағдайында автоматтандырылған жүйе ақпаратты алу уақытын едәуір қысқартып, жедел ден қою тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

  Станцияларды орнату ЮНЕСКО қолдауымен жүзеге асырылатын және Бейімделу қорынан қаржыландырылатын «Орталық Азия халқының климаттың өзгеруі жағдайында мұздық көлдердің жарылу қаупіне осалдығын төмендету» GLOFCA халықаралық жобасы аясында іске асырылуда. Жоба биік таулы аймақтарда заманауи бақылау және ерте ескерту жүйесін құруды көздейді.

  Жұмыс сапары барысында ТЖМ басшысы Талғар өзені бассейніндегі №19 мореналық көлде жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстарының барысымен де танысты. Мұнда сифондық жүйелер іске қосылған.

    Қабылданып жатқан шаралар сел үдерістеріне байланысты төтенше жағдайлардың тәуекелдерін төмендетуге, сондай-ақ халықтың, инфрақұрылым нысандары мен сел қаупіне бейім аумақтардың қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған.

 

 

  • 10.08.2026
  • 11
Аринов Ч.С.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

Аринов Ч.С.
(Мұрағат)

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика