- Блогтар
- Саясат Нұрбек
Саясат Нұрбек
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі
Токиода БҰҰ Университетімен ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен ҚР Жапониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Университетінің (UNU) ректоры және БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, профессор Тшилидзи Марваламен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстан мен БҰҰ Университеті арасындағы ғылым, жоғары білім, ғылыми зерттеулер және тұрақты даму салаларындағы ынтымақтастықты дамытудың перспективалы бағыттары бойынша мазмұнды пікір алмасу өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында БҰҰ Университетінің Қазақстандағы қызмет аясын кеңейту жөніндегі бастамаға ерекше назар аударылды.
Тараптар осы бастаманы одан әрі ілгерілетудің ықтимал институционалдық және практикалық тетіктерін, сондай-ақ оның мазмұндық бағыттарын дамыту перспективаларын талқылады.
- 10.08.2026
- 4


