- Блогтар
- Саясат Нұрбек
Саясат Нұрбек
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі
Қазақстанда Корей Ғылым және озық технологиялар институтының филиалы ашылады
Сеул қаласында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Корея Республикасының Премьер-министрінің орынбасары – Ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Пэ Кен Хунмен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар ғылым, жоғары білім және жасанды интеллект салаларындағы Қазақстан–Корея ынтымақтастығының негізгі бағыттарын талқылады.
Келіссөздердің негізгі тақырыптарының бірі жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты кеңейту болды. Атап айтқанда, озық технологиялар трансфері, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын дамыту, сондай-ақ екі елдің білім беру және ғылыми ұйымдары арасындағы өзара байланысты нығайту мәселелеріне назар аударылды.
Кездесуде Корей Ғылым және озық технологиялар институты (KAIST) филиалын ашу мәселесіне ерекше назар аударылды. Тараптар жасанды интеллект, цифрлық технологиялар және басқа да басым ғылыми-технологиялық бағыттар бойынша жоғары білікті мамандар даярлау мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік беретін бастаманы іске асырудың одан арғы қадамдарын талқылады.
- 12.08.2026
- 3


