- Блогтар
- Саясат Нұрбек
Саясат Нұрбек
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі
Қазақстан мен Корея бірлескен ғылыми зерттеулер мен технологиялық жобаларды дамытуға ниетті
ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Кобенованың ҚР Корея Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Чон Ки-Хонмен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар жоғары білім беру және ғылым салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Жоғары білім беруді интернационалдандыру бағытындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейі атап өтілді. Қазақстанда Кореяның алдыңғы қатарлы университеттерінің филиалдары жұмыс істейді, оның ішінде Сеул ұлттық ғылым және технологиялар университеті (SeoulTech), Вусонг университеті (Woosong University) және Донг-И университеті (Dong-Eui University). Сонымен қатар Корей Ғылым және озық технологиялар институтымен (KAIST)-пен ынтымақтастықты дамыту мәселесі пысықталып жатыр.
Толығырақ: gov.kz
- 12.08.2026
- 3


