• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ертаев А. М.
Ертаев А. М.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Асқарбек Ертаев СҚО-да еңбек жағдайымен және өңірге жаңадан қоныстанған азаматтардың бейімделуімен танысты

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев жұмыс сапары барысында Солтүстік Қазақстан облысына барып, Alageum Петропавл электротехникалық зауыты кәсіпорнының жұмысымен танысты. Министр өндіріс барысын, жұмысшыларға жасалған еңбек жағдайын және өңірге басқа аймақтар мен шетелден қоныс аударған азаматтарды жұмысқа орналастыру тәжірибесін зерделеді.

Бүгінде кәсіпорында 120 адам еңбек етеді. Зауыт Солтүстік Қазақстан облысына басқа өңірлерден және шетелден қоныс аударып келген азаматтарды жұмыспен қамтуға да атсалысып келеді.

Кәсіпорынға барған министр жұмысшылардың мүддесін қорғау, оларға лайықты еңбек жағдайын қалыптастыру және өндірістегі қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарау қажет екенін атап өтті.

«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі үшін жұмысқа келген әр адамның ресми түрде еңбек етуі, тұрақты табыс табуы, әлеуметтік кепілдіктермен және қауіпсіз еңбек жағдайымен қамтамасыз етілуі маңызды. Бұл әсіресе өңірлерге еңбек ресурстарын тарту және оларды сол жерде тұрақты қалдыру шараларын жүзеге асыру кезінде ерекше мәнге ие», – деді Асқарбек Ертаев.

Министр Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударып, бүгінде зауытта жұмыс істеп жүрген азаматтармен де әңгімелесті. Олардың арасында Иран мен Өзбекстаннан келгендер бар. Қазір олар кәсіпорында тұрақты жұмыс істеп, баспанамен қамтамасыз етілген.

2023-2024 жылдары Петропавл қаласында зауыттың жаңа жұмысшыларының отбасылары үшін көппәтерлі тұрғын үй салынды. Нәтижесінде 40 отбасы тұрақты жұмыспен қатар баспанаға да ие болды.

Бұл тәжірибе азаматтарды жаңа ортаға бейімдеу кезінде жұмыс, тұрақты табыс пен баспана мәселесін қатар шешудің тиімді екенін көрсетті.

Жұмысшылармен жүздесуде министр этникалық қазақтардың тарихи Отанына оралуына, олардың жаңа ортаға бейімделуіне, жұмысқа орналасуына және өңірде тұрақты өмір сүруіне қажетті жағдай жасап келе жатқанын айтты.

«Біздің міндетіміз – адамға бейімделудің барлық кезеңінен өтуіне кешенді қолдау көрсету. Яғни қажетті құжаттарын рәсімдеп, жұмыс табуына, отбасын қамтамасыз етуіне және жаңа жерге сәтті қоныстануына жағдай жасау», – деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ Асқарбек Ертаев Петропавл қаласында 2024 жылы ашылған қандастарды уақытша орналастыру орталығына барды. Орталық этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелеріне қажетті құжаттарды рәсімдеп, қандас мәртебесін алғанға дейін уақытша тұруға арналған.

Министрге орталықтағы азаматтардың тұру жағдайы және жаңадан келгендерді сүйемелдеу тәртібі таныстырылды.

Еңбек министрі мемлекеттік қолдау отбасының жаңа ортаға бейімделуінің барлық кезеңін қамтуы керек екенін айтты. Яғни құжаттарды рәсімдеу мен уақытша орналастырудан бастап, жұмысқа орналасу, тұрақты табыс табу және өңірде өз бетінше өмір сүруге дейінгі мәселелерге қолдау көрсетілуі қажет.

  • 14.08.2026
  • 5
Ертаев А. М.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Ертаев А. М.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика