• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан Қырғызстанға құны 400 млн доллардан асатын ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттады

Алматыда өткен Еуразиялық экономикалық одақтың агроөнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңесінің 7-отырысы аясында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары – су ресурстары, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі министрі Эрлист Акунбековпен кездесті.

Кездесу барысында министрлер агроөнеркәсіптік кешендегі ынтымақтастықты одан әрі дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзара сауда көлемін ұлғайту, өндірістік кооперацияны дамыту және бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы АӨК өнімдерінің тауар айналымы 511,3 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылмен салыстырғанда 41,5%-ға өсті. Қазақстаннан ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 418,9 млн АҚШ долларына жетті.

2024 жылмен салыстырғанда дәнді дақылдар жеткізілімі 4 еседен астам, ал майлы дақылдар 1,5 есеге өсті.

Қазақстан дәнді және майлы дақылдарды қайта өңдеу өнімдерін, күнжараны, күнбағыс майын, құс етін және сұранысқа ие басқа да өнімдерді экспорттау көлемін ұлғайтуға дайын.

«Өзара саудада тұрақты оң динамиканы көріп отырмыз және оның көлемін одан әрі арттыруға, жеткізілетін өнім түрлерін кеңейтуге, сондай-ақ елдеріміз арасындағы кооперациялық байланыстарды нығайтуға мүдделіміз», – деді Айдарбек Сапаров.

Тараптар бейінді ведомстволар бұған дейін қол қойған 2026–2027 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы өнімдерін өзара жеткізуді ұлғайту жөніндегі Жол картасы аясындағы өзара іс-қимылды жандандыруға келісті.

Құжат жеткізілетін өнім түрлерін кеңейтуді, сондай-ақ өзара сауда көлемін арттыру бойынша қосымша шаралар қабылдауды көздейді.

Ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығы саласындағы өзара іс-қимыл жөніндегі Қазақстан-Қырғызстан жұмыс тобының қызметі.

«Қырғыз Республикасы Қазақстанмен агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ынтымақтастықты дамытуға үлкен мән береді. Біз өндірістік кооперацияны дамытуға да мүдделіміз. Қол жеткізілген уағдаластықтар мен бірлескен жобаларды іске асыру қолда бар әлеуетті толық пайдалануға және елдеріміз арасындағы өзара іс-қимылды жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік беретініне сенімдімін», – деп атап өтті Эрлист Акунбеков.

Кездесу қорытындысы бойынша министрлер ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және екі ел арасындағы өзара тиімді байланыстарды кеңейтуге дайын екендерін жеткізді.

  • 14.08.2026
  • 3
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика