• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан мен Беларусь агроөнеркәсіптік ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады 4-ден 1 слайд. Қазақстан мен Беларусь агроөнеркәсіптік ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады

Еуразиялық экономикалық одақтың Агроөнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңесінің 7-отырысы аясында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Беларусь Республикасының Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрі Юрий Горловпен екіжақты келіссөздер жүргізді.

Тараптар агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың негізгі бағыттарын талқылады.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Беларусь арасындағы агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің өзара сауда көлемі 365 млн АҚШ долларына жетіп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 31%-ға өсті. Оң динамика 2026 жылы да сақталуда: қаңтар–мамыр айларында агроөнеркәсіптік өнімдердің тауар айналымы тағы 18%-ға артты.

Қазақстан үшін аграрлық экспортты әртараптандыру және терең өңделген өнімдердің үлесін арттыру негізгі басымдықтардың бірі болып қала береді. Бүгінде Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешен өнімдері экспортының 51%-дан астамын қайта өңделген өнімдер құрайды.

Осыған байланысты Қазақстан тарапы Беларусь нарығына қосылған құны жоғары өнімдер жеткізілімін кеңейтуге мүдделі.

Перспективалы бағыттардың қатарында күнбағыс және мақсары майы, дайын азық-түлік өнімдері, сондай-ақ рапс, күнбағыс және зығырды қоса алғанда, дәнді және майлы дақылдар бар.

«Біз аграрлық экспорт көлемін ұлғайту және оның құрылымын қосылған құны жоғары өнімдер есебінен кеңейту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеміз. Қазақстанда Беларусь нарығын тұрақты жеткізілімдермен қамтамасыз ету үшін қажетті шикізат базасы, өндірістік қуаттар және экспорттық әлеует бар», – деп атап өтті министр.

Өз кезегінде Беларусь тарапы агроөнеркәсіптік кешеннің перспективалы бағыттары бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін білдірді.

Өсімдік шаруашылығы саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, селекция және тұқым шаруашылығы, заманауи агротехнологияларды енгізу, цифрлық шешімдер мен инновациялар салаларында тәжірибе алмасуды жандандыру ұсынылды. Мал шаруашылығы саласындағы өзара іс-қимыл да перспективалы бағыттардың бірі болып қала береді.

Қазақстан етті мал шаруашылығы саласындағы өзінің тәжірибесімен бөлісуге дайын. Елімізде заманауи бордақылау алаңдарын құру бойынша ірі жобалар іске асырылды. Олардың қуаты 50 мың басқа дейін жетеді. Сонымен қатар бір мезгілде 10 мың және одан да көп мал басын ұстауға арналған ірі өндірістік алаңдар желісі белсенді дамып келеді.

Өзара іс-қимылды практикалық тұрғыда үйлестіру ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Беларусь бірлескен жұмыс тобы аясында жүзеге асырылады.

  • 14.08.2026
  • 3
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика