• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Иран Қазақстаннан ауыл шаруашылығы өнімдерінің импортын ұлғайтуға мүдделі

Еуразиялық экономикалық одақтың агроөнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңесінің 7-отырысы аясында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Иран Ислам Республикасының ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Фатхи Акбармен екіжақты кездесу өткізді.

Айдарбек Сапаров Иранды Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені өнімдерінің экспортын кеңейту үшін барынша перспективалы нарықтардың бірі ретінде атап өтті.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Иран арасындағы агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің тауар айналымы 55,8%-ға өсті. Екіжақты сауданың жалпы көлемінің 79%-ын агроөнеркәсіптік өнімдер құрады. Иранға ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 97%-ға артты.

«Біз Иранға ауыл шаруашылығы өнімдерін тұрақты әрі болжамды көлемде жеткізуді қамтамасыз етуді, өнім номенклатурасын кеңейтуді және ұзақ мерзімді, өзара тиімді ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды мақсат етіп отырмыз», – деп атап өтті Айдарбек Сапаров.

Өз кезегінде Фатхи Акбар Иранның Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені өнімдерінің импортын ұлғайтуға және басым бағыттар бойынша практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді.

Тараптар логистикалық мүмкіндіктерді дамыту, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруды қоса алғанда, өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі – астық өнімдерін жеткізуді ұлғайту. Қазақстанда қажетті шикізат базасы және астықтың ірі әрі тұрақты партияларын қалыптастыру әлеуеті бар. Бұл қазақстандық өнімнің Иран нарығындағы үлесін ұзақ мерзімді перспективада арттыруға мүмкіндік береді.

Өсімдік майлары экспортының көлемін арттырудың да әлеуеті жоғары.

Кездесу барысында тұқым шаруашылығын дамытуға, «халал» өнімдер нарығына, заманауи агротехнологиялар саласындағы тәжірибе алмасуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығына озық шешімдерді енгізуге ерекше назар аударылды.

Инвестициялық ынтымақтастық та жеке бағыт ретінде қарастырылды. Тараптар сауда көлемін ұлғайтып қана қоймай, агроөнеркәсіптік кешенде жаңа өндірістік және логистикалық тізбектер қалыптастыруға мүмкіндік беретін бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар практикалық ынтымақтастықты жандандыруға және агроөнеркәсіптік саладағы өзара іс-қимылға жаңа серпін беруге уағдаласты.

  • 14.08.2026
  • 3
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика