• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ЕАЭО елдерінің министрлері Қазақстанның аграрлық ғылымы мен АӨК-тегі заманауи технологияларымен танысты

Алматыда ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы ведомстволарының басшылары қазақстандық аграрлық ғылымның озық әзірлемелерімен, заманауи білім беру тәсілдерімен және ауыл шаруашылығы өндірісінде қолданылып жүрген инновациялық технологиялармен танысты.

13 тамызда өткен ЕАЭО-ның Агроөнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңесінің 7-отырысы аясында делегация Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті – «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ-қа барды. Іс-шараның негізгі тақырыбы аграрлық ғылым, білім және инновациялар саласындағы ғылыми-технологиялық ынтымақтастықты дамыту және Одақ елдері арасындағы практикалық өзара іс-қимылды кеңейту болды.

Делегация құрамында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшесі – өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі Гоар Барсегян, Ресей Федерациясының ауыл шаруашылығы министрі Оксана Лут, Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары – су ресурстары, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі министрі Эрлист Акунбеков болды.

Қонақтарға ҚазҰААЗУ-дың ғылыми және білім беру әлеуеті, аграрлық өндірістің тиімділігі мен технологиялық деңгейін арттыруға бағытталған шешімдер таныстырылды.

«Бүгінде біздің елдеріміздің аграрлық секторының алдында ортақ міндеттер тұр. Олар – еңбек өнімділігін арттыру, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, цифрландыру және инновацияларды енгізу. Осыған байланысты аграрлық ғылым мен сапалы кадрлар даярлаудың маңызы арта түсуде. ҚазҰААЗУ сияқты алаңдар ғылыми әлеуетті, білім беруді және саланың нақты қажеттіліктерін біріктіруге мүмкіндік береді», – деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.

Министрлер құрғақ өңірлерде жоғары тиімді ауыл шаруашылығын жүргізу жөніндегі Қазақстан-Қытай халықаралық бірлескен зертханасына барды. Сондай-ақ ҰАҒБО ғылыми-зерттеу институттарының әзірлемелері ұсынылған көрмені тамашалады.

Сапардың маңызды бөлігі халықаралық ғылыми-білім беру жобаларымен танысу болды. Атап айтқанда, Небраска – Линкольн университетімен бірлесіп құрылған «Extension» және «One Health» орталықтарының қызметі таныстырылды. Олардың жұмысы халықаралық ғылыми әріптестікті дамытуға, озық білім мен технологияларды трансферлеуге, практикаға бағдарланған кадрлар даярлауға және заманауи АӨК-те сұранысқа ие құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған.

Сапар қорытындысы бойынша тараптар аграрлық ғылым мен инновациялар саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге, бірлескен зерттеулерді дамытуға, технологиялар мен құзыреттермен алмасуға, сондай-ақ АӨК үшін жаңа буын мамандарын даярлауға мүдделі екенін жеткізді.

  • 14.08.2026
  • 4
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика