• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ертаев А. М.
Ертаев А. М.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан Оңтүстік Кореяның жұмысқа орналастыру жүйесіне қосылды: Еңбек министрлігі азаматтар үшін шетелде заңды жұмыс істеудің жаңа мүмкіндігін ашты

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында және Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елімізді халықаралық еңбек тетіктеріне интеграциялау бойынша ауқымды жұмыс жүргізді. Соның нәтижесінде Қазақстан ресми түрде Оңтүстік Кореяның Employment Permit System (EPS) – шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат беру жүйесіне қатысушы елдердің қатарына енгізілді.

Еңбек министрлігі үшін бұл – азаматтарға шетелде заңды әрі қауіпсіз жұмысқа орналасудың жаңа мүмкіндіктерін жасауға бағытталған ауқымды жұмыстың нәтижесі.

Корея тарапының шешіміне сәйкес, Қазақстан Е-9 жүйесіне қатысушы 18-ші мемлекет болды. Бүгінде бағдарламаға Қазақстаннан бөлек Филиппин, Моңғолия, Шри-Ланка, Вьетнам, Таиланд, Индонезия, Пәкістан, Камбоджа, Қытай, Бангладеш, Шығыс Тимор, Непал, Мьянма және Лаос қатысады. Орталық Азиядан Қазақстанмен қатар Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан да осы жүйеге мүше.

Қазақстан азаматтарын Корея Республикасына жұмысқа тарту 2028 жылдан басталады деп жоспарланып отыр. Оған дейін үкіметаралық өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою, сондай-ақ Қазақстанда корей тілінен тестілеу өткізетін EPS-TOPIK орталығын ашу сияқты бірқатар ұйымдастыру шараларын аяқтау қажет.

Қазақстанды EPS жүйесіне қосу жөніндегі жұмысты министрлік 2023 жылдан бері жүргізіп келеді. Осы уақыт ішінде азаматтарды іріктеу мен даярлауға мүмкіндік беретін барлық қажетті рәсімдер кезең-кезеңімен орындалды.

2026 жылдың қаңтарында Қазақстанға келген кореялық сарапшылар делегациясы жүйені іске қосуға дайындық деңгейін бағалаған болатын. Сарапшылар EPS орталығын құру, корей тілі бойынша тестілеуді ұйымдастыру, кәсіби дағдыларды бағалау, медициналық тексеруден өткізу және азаматтарды Оңтүстік Корея заңнамасының талаптары жөнінде ақпараттандыру мәселелеріне ерекше назар аударды.

Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша корей тарапы Қазақстанның жүйеге қатысуға толық дайын екенін растады.

Атап айтқанда, қызметкерлерді әділ әрі ашық іріктеуді қамтамасыз ете алатын мемлекеттік және қоғамдық институттардың, сондай-ақ тілдік даярлықты ұйымдастыруға, EPS орталығының жұмысына және медициналық тексерулер өткізуге қажетті инфрақұрылымның бар екені атап өтілді. Сонымен қатар Қазақстан азаматтарының аталған елде заңсыз болуына жол бермеу бағытындағы ынтымақтастыққа толық дайын екені расталды.

Осылайша, Оңтүстік Корея қабылдаған шешім Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің шетелде заңды жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған жүйелі жұмысының нәтижесін көрсетті.

EPS жүйесіне қатысу Қазақстан азаматтарына мемлекеттер белгілеген рәсімдер шеңберінде Оңтүстік Кореяда ресми түрде жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.

Жаңа тетіктің басты ерекшелігі – жұмысшыларды іріктеу делдалдар арқылы емес, тек ресми жүйе арқылы жүзеге асырылады.

Үміткерлер жүйеде көзделген барлық кезеңнен, оның ішінде корей тілі бойынша тестілеуден, кәсіби дағдыларын бағалаудан және медициналық тексеруден өтеді.

Еңбек министрлігі азаматтарға аталған рәсім ресми түрде іске қосылғанға дейін «Кореяға жұмысқа орналастыруды» немесе іріктеуден жедел өткізуді ұсынатын делдалдарға ақша бермеу қажет екендігін ескертеді.

Тіркелу мерзімдері, үміткерлерге қойылатын талаптар, тестілеуден өту тәртібі және өзге де кезеңдер туралы барлық ақпарат министрліктің ресми ақпараттық ресурстары арқылы жарияланады.

 

АНЫҚТАМА

Employment Permit System (EPS) – Корея Республикасының шетелдік жұмыс күшін реттелген тәртіппен тартуға арналған мемлекеттік жүйесі. Осы жүйе аясында шетел азаматтары Корея Республикасының заңнамасында және мемлекетаралық рәсімдерде белгіленген талаптарға сәйкес жұмысқа орналаса алады.

Қазақстанды Е-9 жүйесіне қатысушы елдердің тізіміне енгізу туралы шешімді Корея Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 14 тамызда Шетелдік жұмыс күші саясаты жөніндегі комитеттің 49-отырысында қабылдады. Қазақстан азаматтарын алғаш рет жұмысқа тарту барлық қажетті рәсімдер аяқталғаннан кейін 2028 жылдан басталады деп күтілуде.

  • 18.08.2026
  • 6
Ертаев А. М.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Ертаев А. М.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика