• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Аринов Ч.С.
Аринов Ч.С.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Астанада ТЖМ басшысы жаңғыртудан өткен өрт сөндіру бөлімін ашты

Астанада ауқымды жаңғырту жұмыстарынан кейін Байқоңыр ауданындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, төтенше жағдайларға жедел ден қоюды жүзеге асыратын №16 өрт сөндіру бөлімінің жұмысы қайта жанданды.

Салтанатты іс-шараға Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов қатысты. Ол жеке құрамды жаңартылған өрт сөндіру бөлімінің ашылуымен құттықтап, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың қызмет атқаруы үшін заманауи жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара барысында 2010 жылы қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан өрт сөндіруші Руслан Кәкішевтің рухына тағзым етілді. Оның құрметіне өрт сөндіру бөлімінің аумағында ескерткіш орнатылған. Марқұмның туған-туыстары, әріптестері мен жеке құрам батырдың рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етті. Одан кейін мемориалға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Министр қаза тапқан қызметкердің отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты.

Өрт сөндіру бөлімінің ғимараты толық жаңартылып, заманауи талаптарға сай жабдықталды. Жеке құрамның тәулік бойы қызмет атқаруына қолайлы жағдай жасалды. Екі шығу бағытына есептелген өрт сөндіру бөлімінде воркаут аймағы, спорт залы, барбекю аймағы, психологиялық жеңілдеу бөлмесі және басқа да қажетті үй-жайлар жабдықталған. Сондай-ақ аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, көгалдандыру мақсатында ландшафтық өсімдіктер отырғызылды.

Бөлім аумағында өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың нақты өрт жағдайларына барынша жақын ортада практикалық даярлық деңгейін арттыруға арналған оқу-жаттығу мұнарасы мен кері тарту кешені жаңартылды. Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін елордалық гарнизонның өрт сөндірушілері Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволық наградаларымен марапатталды.

  • 20.08.2026
  • 8
Аринов Ч.С.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

Аринов Ч.С.
(Мұрағат)

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика