• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ауыл шаруашылығы министрлігінде «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру мәселелері талқыланды

Ауыл шаруашылығы министрлігінде «Заң және тәртіп – Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың негізгі қағидаты» тақырыбында республикалық конференция өтті.

Іс-шараны Ауыл шаруашылығы министрлігі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдары ардагерлерінің қазақстандық ұйымымен» бірлесіп ұйымдастырды.

Конференцияға мемлекет қайраткерлері, мемлекеттік органдар өкілдері, сарапшылар және құқық қорғау саласының ардагерлері қатысты.

Жиында агроөнеркәсіптік кешендегі заңдылықты нығайту, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, саланы мемлекеттік қолдау тетіктерінің ашықтығын арттыру және мемлекеттік басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету мәселелеріне баса назар аударылды.

Конференцияны ашқан Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов өз сөзінде «Заң және тәртіп» қағидатын сақтау мемлекеттің және оның институттарының тұрақты дамуының негізгі шарттарының бірі екенін атап өтті.

«Агроөнеркәсіптік кешен үшін бұл қағидаттың маңызы ерекше. Өйткені мәселе мемлекеттік ресурстарды тиімді пайдалану, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау тетіктерінің ашықтығын қамтамасыз ету және салаға қатысушылардың мүдделерін қорғау туралы болып отыр. Адалдық мәдениетін қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қазіргі мемлекеттік басқару жүйесінің ажырамас бөлігіне айналуға тиіс», – деді Азат Сұлтанов.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдары ардагерлерінің қазақстандық ұйымы» Ардагерлер кеңесінің төрағасы Салимбай Шунеев құқықтық тәртіпті нығайту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру мәселелерінде мемлекеттік органдардың, сарапшылар қауымдастығының және азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылы маңызды екенін атап өтті.

Конференция барысында ҚР ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі директорының орынбасары Данияр Ақжанов және Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департамент директорының орынбасары Асхат Ескендіров сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесудің заманауи тәсілдерін таныстырып, осы бағыттағы заңнаманы жетілдірудің негізгі бағыттарын атап өтті.

Жиын барысында әсіресе, «Заң және тәртіп» қағидатын іс жүзінде жүзеге асыруға, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, адалдық пен жеке жауапкершілік қағидаттарын насихаттауға баса назар аударылды.

Қатысушылар агросектордың Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы рөлін және Мемлекет басшысының тапсырмаларын ескере отырып, басқару және құқық қолдану тетіктерін одан әрі жетілдіру қажеттігін талқылады.

Конференция соңында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдары ардагерлерінің қазақстандық ұйымы өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумның басты мақсаты - агроөнеркәсіптік кешен саласында «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру, ақпараттық-түсіндіру, сараптамалық және қоғамдық іс-шаралар өткізу, талдамалық және әдістемелік материалдар алмасу, сондай-ақ құқық қолдану тәжірибесі мен мемлекеттік басқаруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу бойынша бірлесіп жұмыс атқару.

Меморандум аталған саладағы үрдістердің ашықтығын, жауапкершілігін және тиімділігін арттыру мақсатында тараптардың жүйелі өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге берік негіз қаламақ.

  • 20.08.2026
  • 5
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика