- Блогтар
- Элиманов Ж. Қ.
Элиманов Ж. Қ.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
Алматы қаласында қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың «Болашақтың тәуекелдері мен қатерлері» тақырыбындағы форумы өтті
Форумға 10 елдің қаржылық барлау қызметтерінің, құқық қорғау және уәкілетті органдарының өкілдері, сондай-ақ 7 халықаралық ұйым қатысты.
Форумның негізгі тақырыптарының бірі – күдікті транзакцияларды анықтау, үлкен көлемдегі деректерді талдау және қаржылық мониторингтің тиімділігін арттыру мақсатында қаржылық барлау қызметтерінің жұмысында жасанды интеллект пен басқа да заманауи технологияларды қолдану болды.
Сондай-ақ қылмыстық кірістерді трансшекаралық заңдастыру тәсілдері, дропперлік схемалардың типологиясы мен осал тұстары, сондай-ақ олардың ұйымдастырушыларын анықтау тәжірибесі қаралды.
Форумның жеке бір бөлігі заманауи қаржылық тергеп-тексеру тетіктеріне, қылмыстық активтерді тәркілеуге және халықаралық ынтымақтастыққа арналды.
Форум аясында елдер арасында тәжірибе алмасуға ерекше мән берілді. Қатысушылар ұлттық тәжірибелері мен жаңа қатерлерге қарсы тиімді шешімдер әзірлеу тәсілдерін ұсынып, өзара тәжірибе алмасты.
- 21.08.2026
- 5


