- Блогтар
- Саясат Нұрбек
Саясат Нұрбек
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі
ӘСКЕРИ АРНАУЛЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ ПЕН ҚОС ДИПЛОМДЫ БІЛІМ БЕРУ МҮМКІНДІКТЕРІН КЕҢЕЙТЕДІ
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының базасында өткен Қазақстан Республикасы әскери арнаулы оқу орындары қауымдастығының отырысына қатысты. Отырысқа Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Нұрғалым Әбдіров, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әскери арнаулы жоғары оқу орындарының басшылары жиналды.
Отырыс барысында әскери арнаулы жоғары оқу орындарының академиялық дербестігін одан әрі дамыту, кадр даярлауды жетілдіру, академиялық ұтқырлықты кеңейту, сондай-ақ білім беру және ғылыми ынтымақтастықты дамыту мәселелері қаралды.
- 25.08.2026
- 4


