• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ертаев А. М.
Ертаев А. М.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Асқарбек Ертаев Қарағандыдағы еңбек мобильділігі орталығы мен әлеуметтік бейімдеу орталықтарының жұмысымен танысты

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барып, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Министр Қарағанды облысы бойынша Еңбек мобильділігі орталығына барып, мансап орталығының жұмысын және JOB COACH жобасының жүзеге асырылу барысын көрді. Сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға арналған «Ten Qogam» әлеуметтік бейімдеу орталығының қызметін зерделеді.

Жыл басынан бері облыстың Еңбек мобильділігі орталығы мен мансап орталықтарына 40 128 адам жүгінген. Оның ішінде 26 мыңға жуық азаматқа жұмыс табуға көмек көрсетілді.

Асқарбек Ертаев мансап орталығына жұмыс іздеп келген тұрғындармен де сөйлесті. Олардың арасында жастар, орта және үлкен жастағы азаматтар, еңбек жолын жалғастырғысы келетін зейнеткерлер бар. Келушілер жұмыс іздеу кезінде қандай көмек алғанын және мансап орталығының қызметін қалай пайдаланғанын айтып берді.

Солардың бірі – Нұртілек Болат. Ол биыл университетті бітірген. Мансап орталығының мамандары оған алған мамандығына сәйкес жұмыс табуға көмектескен. Жас маманға Қарағандыдағы ұйымдардың бірінен дизайнер қызметі ұсынылды. Жақын арада ол жаңа жұмысына кіріседі.

«Биыл жоғары оқу орнын тәмамдадым. Бүгін Мансап орталығына келіп, мамандығыма сәйкес жұмыс табуға көмек алдым. Жас маман ретінде еңбек жолымды бастағаныма қуаныштымын. Мемлекет тарапынан жас түлектерге қолдау көрсетіліп, алғашқы жұмыс орнын табуға мүмкіндік беріліп жатқаны өте маңызды деп ойлаймын. Мансап орталығында жастармен қатар, ересек жастағы азаматтарға да жұмыс іздеуге көмек көрсетіліп жатқанын көрдім. Бұл орталықтардың кез келген жастағы азаматқа лайықты жұмыс табуға қолдау көрсететінінің нақты дәлелі», – деді жас маман.

Министр мансап орталықтары әр азаматтың жеке мүмкіндіктері мен кәсіби әлеуетін ескеріп, оған лайықты жұмыс табуға нақты қолдау көрсетуі маңызды екенін атап өтті.

«Біз үшін мансап орталықтарына көмек сұрап келген адамдардың пікірін тікелей есту маңызды. Әр адамның артында нақты өмірлік жағдайы бар. Сондықтан мамандардың міндеті тек кеңес беріп немесе бос жұмыс орындарының тізімін ұсынумен шектелмеуі керек. Адамның тәжірибесін, мүмкіндігін және кәсіби тұрғыда дамуға деген талабын ескеріп, оған лайықты жұмыс табуға көмектесу қажет», – деді Асқарбек Ертаев.

Мансап орталығының маңызды бағыттарының бірі – мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруға көмектесетін JOB COACH жобасы. Мұнда арнайы дайындықтан өткен мамандар жұмыс істейді. Олардың қатарында ымдау тілі маманы мен психолог бар. Көру қабілеті және тірек-қимыл жүйесі бұзылған адамдар үшін арнайы жұмыс орындары жабдықталған.

Министр орталық қызметкері Іңкәр Нұрмағанбетовамен де тілдесті. Іңкәрдің өзі мүгедектігі бар адам, кресло-арбамен жүріп-тұрады. Бүгінде ол осы орталықта тұрақты жұмыс істеп, мүгедектігі бар азаматтарға өздеріне қолайлы жұмыс табуға және жұмыс берушілермен байланыс орнатуға көмектесіп келеді.

«Ten Qogam» әлеуметтік бейімдеу орталығында ведомство басшысы мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту, қоғамға белсенді араластыру және күнделікті өмірге бейімдеу бағытындағы қолдау шараларының жүзеге асырылу барысын көрді. Мұнда мүгедектігі бар азаматтарға құқықтық, психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Мамандар мемлекеттік қызметтерді рәсімдеуге көмектесіп, оңалтуға қажетті техникалық құралдарды таңдауға бағыт-бағдар береді.

Орталыққа келушілердің айтуынша, еңбек ету, өз қабілеттерін жүзеге асыру және қоғам өміріне белсенді араласу олардың өздерін дербес әрі қоғамға қажетті азамат ретінде сезінуіне мүмкіндік береді. Қызмет алушыларының бірі – бірінші топтағы мүгедектігі бар Найман Жақсығұрин. «Ten Qogam» орталығының қолдауымен ол өзіне лайықты кәсіби бағытты анықтап, қоғамдық бірлестікке еңбек нұсқаушысы болып жұмысқа орналасқан. Қазір ол мүгедектігі бар балаларға өздігінен өмір сүруге қажетті дағдыларды үйретеді.

«Адамның жұмыс істеуіне, өз қабілетін көрсетуіне және өзгелерге пайдасын тигізуіне жағдай жасау – тек жұмыспен қамту мәселесі емес. Бұл оның өзіне деген сенімін арттырып, дербес өмір сүруіне және қоғамға қажеттілігін сезінуіне жол ашады. Осындай мысалдар әр азаматтың жеке мүмкіндігі мен қажеттілігін ескеріп, оны нақты нәтижеге дейін қолдаудың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді», – деп қорытындылады Асқарбек Ертаев.

  • 31.08.2026
  • 5
Ертаев А. М.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Ертаев А. М.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика