• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан мен Мажарстан өткізу нарықтарын қайта бағдарлауға ниетті

2021 жылғы 6 сәуірде Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығы мәселелерін талқылау үшін Мажарстанның Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Петер Сийяртомен кездесті.

Бүгінгі таңда Мажарстан Қазақстан үшін Шығыс Еуропадағы дәстүрлі маңызды және перспективалы сауда серіктесі болып табылады. Мәселен, 2020 жылдың қорытындысы бойынша сауда көлемі 9,7% - ға өсіп, $111,8 млн. құрады.

Бақыт Сұлтановтың пікірінше, елдер арасында әртараптандыру қажеттілігі туындайды. Қазақстан тарапынан өзара сауда үшін бірқатар ұсыныстар және жалпы сомасы $302 млн. болатын 45 өнім атауынан тұратын әлеуетті тауарлар тізбесі ұсынылды.

Сонымен қатар, Бақыт Сұлтанов Қазақстанда сұлы, зығыр, күнбағыс және дәрілік шөптер өсіруге бағытталған органикалық өнімдердің 60-тан астам өндірушісі бар екенін хабарлады. Кәсіпорындардың бір бөлігі қазіргі уақытта ЕО уәкілетті органдарында аккредиттеуден өтуде.

Қазақстан ЕО елдеріне жылына 10 млн. еуроға органикалық өнім экспорттайды. Бұл ретте, әлеует жылына 200 млн. еуродан астамды құрайды. ЕО-да органикалық өнімдерді тұтыну жыл сайын 20 млрд. еуродан асады.

Келіссөздер барысында тұтынушыларды қазақстандық және мажарстандық өндіріс өнімдерімен таныстыру үшін онлайн-форматта сауда миссияларын өткізу мүмкіндігі қарастырылды.

Бұдан басқа, Бақыт Сұлтанов Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің әлеуеті туралы хабарлады, сондай-ақ венгр тарапына стандарттар мен өнім сапасын өзара тану үшін тауарларды ғылыми зерттеуге және сертификаттауға қатысуды ұсынды.

Сондай-ақ, ведомство басшысы КТО және трансшекаралық сауда орталықтарын (ЦТТ) құра отырып, ұлттық тауар өткізу жүйесі желісін құру жөніндегі жоспарлар туралы айтып берді. Мажарстан тарапына Мажарстан инвестицияларын тарту үшін "Қорғас" ШЫХО әлеуетін пайдалану, сондай-ақ оны ҚХР нарығына көтерме-бөлшек экспорттау үшін алаң ретінде пайдалану ұсынылды.

Сонымен қатар, тараптар өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық әлеуетін, су ресурстарын басқару саласындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ геология саласындағы қызығушылықты талқылады.

"Елдер арасында көлік сервистерінің тиімділігін, шектес нарықтарға шығу үшін логистикалық инфрақұрылымды өзара пайдалануды, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыруды жолға қою қажет. Мажарстан үшін бұл Орталық Азия мен Қытай, ал Қазақстан үшін Шығыс және Орталық Еуропа елдері", - деді Б. Сұлтанов.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның транзиттік әлеуетін Мажарстан контейнерлік пойыздар құрамында Қытаймен экспорттық-импорттық өнімді жерүсті көлігімен жедел жеткізу үшін пайдаланады (тұрақты контейнерлік пойыздар Сиань, Шэньси және басқа Қытай қалаларынан, сондай-ақ Қазақстан мен Украина арқылы кері бағытта жүреді).

Сонымен қатар, бірлескен жобаларды іске асыру мақсатында Мажарстан тарапына Қазақстан мен Шығыс Еуропа елдері арасындағы сауданы дамыту үшін Қазақстан Республикасының Сауда өкілдігін құру ұсынылды.

 "Мажарстан Конституциясында тамақ құрамында гендік модификацияланған қоспалар болмауы керек деп жазылған. Сондықтан біз Мажарстаннан сатып алынған барлық өнімдердің қауіпсіз екендігіне кепілдік бере аламыз. Біз сертификаттау жүйесін үйлестіру қажет екендігімен келісеміз және біз Түркі кеңесі елдері қолданатын сертификаттарды өзара қағидаты бойынша мойындауға дайынбыз", - деп атап өтті Мажарстанның Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Петер Сийярто.

Сондай-ақ, Мажарстан тарапы елдер арасындағы сауданың өзара іс-қимылы үшін қаржы базасын қамтамасыз ету қажет екенін хабарлады және Еуразиялық Даму Банкіне қабылдау бойынша қолдау сұрады.            

Кездесу қорытындысы бойынша ҚР Сауда және интгерация министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстан өткен жылы өз астанасында Түркі кеңесінің еуропалық бөлімшесін ашу арқылы Мажарстанның түркі әлеміне белсенді интеграциялануын қолдайтынын атап өтті, сондай-ақ Мажарстанның Түркі кеңесіндегі байқаушы мәртебесі Орталық Азия елдерімен де, ЕО елдерімен де ынтымақтастыққа оң әсер ететініне сенім білдірді.

  • 07.04.2021
  • 232
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика