- Блогтар
- Әбілқасымова М.Е.
Әбілқасымова М.Е.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы
Қазақстанда Капитал нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы қабылданатын болады
Алматыда Капитал нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасының негізгі ережелері мен басты бағыттарын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Құжатты Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық Банкпен және нарыққа қатысушылармен бірлесіп әзірледі.
Іс-шараға Агенттіктің, Ұлттық Банктің, Еуропалық қайта құру және даму банкінің, Қазақстан қор биржасының (KASE), Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басшылығы, нарыққа қатысушылар, сондай-ақ сараптамалық қоғамдастық өкілдері қатысты.
Бүгінгі күні капитал нарығы негізгі көрсеткіштер бойынша орнықты өсуді көрсетіп отыр. Соңғы бес жылда қазақстандық акциялар нарығын капиталдандыру екі еседен астам – 19,1 трлн теңгеден 41,8 трлн теңгеге дейін өсті, орташа жылдық өсу қарқыны 11%. Борыштық бағалы қағаздар нарығы да іс жүзінде екі есе – 32 трлн теңгеден 58 трлн теңгеге дейін өсті, ал корпоративтік борыш көлемі 24 трлн теңгені құрады.
Толығырақ: Қазақстанда Капитал нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы қабылданатын болады
- 04.09.2026
- 12


