• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ертаев А. М.
Ертаев А. М.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Асқарбек Ертаев әскери қызметтен кейінгі кәсіби бейімдеу мәселелерін талқылады

Бүгін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев «Әскери интеграциядан кейінгі қоғамдастығы» қоғамдық қорына барып, әскери қызметін аяқтап жатқан азаматтарды кәсіби бейімдеу және олардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мәселелерін талқылады.

Бүгінде Қазақстанда еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы алатын 148,7 мың азамат бар. Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, осы санаттағы азаматтарды жұмыспен қамтуға қолдау көрсетудің жолдарын қарастырып жатыр.

Ұсынылып отырған тәсіл әскери қызметшілерді қызметін аяқтағаннан кейін емес, азаматтық еңбек нарығына шығуға алдын ала дайындауды көздейді.

Осы мақсатта қызметтен босатылуға шамамен алты ай қалғанда азаматтың кәсіби тәжірибесі мен құзыреттері бағаланып, оның еңбек нарығындағы мүмкіндіктері айқындалады. Одан кейін кәсіби бейімделудің жеке жоспары әзірленіп, қажет болған жағдайда қайта даярлау мен оқытуға, сондай-ақ мансаптық және психологиялық қолдауға мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар азаматтарға жұмыс іздеу және жұмысқа орналасу кезінде жәрдем көрсетіледі.

Алдымен бұл тәсілді Астана қаласында пилоттық режимде сынақтан өткізу ұсынылуда. Пилоттық жобаның нәтижесіне қарай оны еліміздің басқа өңірлерінде де қолдану мүмкіндігі қаралады.

«Қызметін аяқтап жатқан азаматтардың кәсіби тәжірибесі мен құзыреттері еңбек нарығында сұранысқа ие болуы үшін қажетті жағдай жасау біз үшін маңызды. Мұндай тәсіл адамның алдағы уақытта еңбек етуі мүмкін бағыттарын алдын ала айқындап, қажет болған жағдайда оның азаматтық өмірге бейімделуіне тиісті қолдау көрсетуге мүмкіндік береді», – деді Асқарбек Ертаев.

«Әскери интеграциядан кейінгі қоғамдастығы» қоғамдық қорының Құрметті президенті, отставкадағы генерал-майор Кажгалей Мукатов әскери қызметін аяқтап жатқан азаматтарды кәсіби бейімдеу бағытындағы бірлескен жұмысты жүйелі түрде жалғастырудың маңыздылығына тоқталды.

«Әскери қызметін аяқтап, запасқа шығатын азаматтардың кәсіби бейімделуі мен жұмысқа орналасуына қатысты мәселелерге назар аударғаны үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне алғыс айтамын. Бүгін мазмұнды әрі сындарлы кездесу өтті. Біз алдағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылап, өзара іс-қимылды меморандум арқылы бекіту туралы уағдаластық. Азаматтардың қызметін аяқтағаннан кейін жинақтаған тәжірибесін, білімін және кәсіби дағдыларын азаматтық өмірде тиімді пайдалана алуы біз үшін маңызды», – деді Кажгалей Мукатов.

Кездесу барысында қор өкілдері іске асырылып жатқан кәсіби интеграция бағдарламасының нәтижелерін де таныстырды.

Өз тәжірибесімен запас подполковнигі Дәулет Ахметов бөлісті. Ол 2014 жылы әскери қызметін аяқтағаннан кейін қор бағдарламасы аясында кәсіби даярлықтан өтіп, кейін жұмысқа орналасқан.

«Бағдарлама аясында коуч, кәсіби кеңесші және психологтың қатысуымен дайындықтан өттім. Сонымен қатар жұмыс іздеуіме де жәрдем көрсетілді. Қазір Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасында бас маман болып жұмыс істеймін», – деді Дәулет Ахметов.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара іс-қимылды жалғастырып, ынтымақтастық туралы меморандум әзірлеуге дайын екендерін растады.

Бірлескен жұмыс қызметін аяқтап жатқан азаматтарды кәсіби бейімдеу және олардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу тетіктерін жетілдіруге бағытталмақ. Бұл ретте әскери қызметшілердің жинақтаған кәсіби тәжірибесі, білімі мен құзыреттерін азаматтық еңбек нарығында тиімді пайдалану мүмкіндіктеріне басымдық беріледі.

  • 04.09.2026
  • 4
Ертаев А. М.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Ертаев А. М.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика