• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Айдарбек Сапаров: Өңірлердің көрсеткіштері нақты әрі шынайы болу керек

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен министрлікте егін жинау науқанының барысы, аграршыларды қажетті ресурстармен қамтамасыз ету және келесі ауыл шаруашылығы маусымына дайындық мәселелері бойынша кеңес өтті.

Оған министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, комитет төрағалары, ведомстволық бағынысты ұйымдар мен облыстар әкімдіктерінің өкілдері қатысты.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова егін жинау жұмыстарының қазіргі қарқыны туралы баяндады.

Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау алаңы 24,2 млн гектарды құрайды. Оның 15,6 млн гектарына дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар тиесілі. Бүгінгі таңда дәнді дақылдар 5,4 млн гектар алқаптан, яғни жалпы алаңның 34,4%-ынан жиналды. Салыстырмалы түрде, өткен жылдың осы кезеңінде 2,7 млн гектар немесе 16,7% алқап жиналған болатын.

7,5 млн тонна астық бастырылды. Өткен жылы осы кезеңде 3,7 млн тонна астық бастырылған еді. Сонымен қатар 1,9 млн тонна көкөніс, 1,7 млн тонна бақша дақылдары және 783 мың тонна картоп жиналды.

Егін жинау жұмыстарына 130 мыңнан астам трактор, 29 мың астық жинайтын комбайн, 17 мың жатка және 130 мың бірлік басқа да ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылды. Егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін өңірлерге 401 мың тонна дизель отыны бөлінді.

Министр мониторинг барысында әкімдіктердің деректері мен АӨК-тегі мемлекеттік инспекциялардың аумақтық инспекциялары ұсынған нақты орындалған жұмыстар көлемі жөніндегі мәліметтер арасында алшақтықтар анықталғанын атап өтті.

Айдарбек Сапаров мұндай жағдайларға жол бермеуді және барлық жедел ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз етуді талап етті.

«Бүгінде егін жинау науқанының жақсы қарқынмен жүріп жатқанын көріп отырмыз. Алайда есептердегі цифрлардың артында егістіктегі нақты жұмыс тұруы тиіс. Көрсеткіштерді асырып көрсетуге немесе расталмаған деректерді ұсынуға жол берілмейді. Әрбір өңір бойынша нақты әрі шынайы жағдайды көрсету керек. Сонда ғана дұрыс және уақтылы шешімдер қабылдауға болады. Әрбір көрсеткіштің дұрыстығына басшылар жеке жауапты болсын», – деді министр.

Кеңесте саланы қаржылық қамтамасыз ету мәселелеріне де айрықша назар аударылды.
Жеңілдетілген кредит беру аясында 5,7 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші қаржыландырылды.
Алдағы жылғы егіс науқанын ерте қаржыландыру тетігі одан әрі жалғасады.

«Президенттің тапсырмасы бойынша мемлекет аграршыларды уақтылы қаржыландыру үшін қажетті жағдайларды жүйелі түрде жасап келеді. Өз кезегінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өз міндеттемелерін жауапкершілікпен орындауы тиіс. Мерзімі өткен берешектің болуы келесі жылы қаржыландыруға қол жеткізуді шектемеуі керек», – деп атап өтті Айдарбек Сапаров.

Осыған байланысты әкімдіктерге ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қаржы институттары алдындағы міндеттемелерінің орындалуын бақылауды күшейту және проблемалық берешектің жинақталуына жол бермеу тапсырылды.

Алдағы жылғы маусымға дайындық аясында тұқым қорын қалыптастыру және аграршыларды минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету мәселелері де қаралды.

Кеңес барысында астық қоймалары мен элеваторлардың жаңа өнімді қабылдауға дайындығына зор көңіл бөлінді. Елдегі астық сақтау сыйымдылығының жалпы көлемі 30,7 млн тоннаны құрайды. Оның ішінде 13,3 млн тоннасы – лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына, 17,4 млн тоннасы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге тиесілі.

Негізгі астық егетін өңірлердегі бос сақтау сыйымдылығы жалпы алғанда жаңа өнімді қабылдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар министр әкімдіктерге қажетті логистиканы алдын ала дайындауды және астықтың жаппай түсуін күтпей, астық ағындарын біркелкі бөлуді қамтамасыз етуді тапсырды. Қажет болған жағдайда астық қоймалары тәулік бойы жұмыс істеуі тиіс.

«Егін жинау науқаны – тек маусымдық өнім үшін ғана емес, жалпы ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты дамуы үшін де зор жауапкершілік жүктейді. Барлық мәселені алдын ала шешіп, проблемалардың қордалануына және олардың күзге немесе көктемге ауысуына жол бермеу қажет. Нәтиже өңірлердің ұйымдастырушылық деңгейі мен әрбір басшының жауапкершілігіне тікелей байланысты», – деді Айдарбек Сапаров.

Егін жинау науқаны, саланы ресурстық қамтамасыз ету және тапсырмалардың орындалуы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қатаң бақылауында.

  • 08.09.2026
  • 4
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика