• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Айдарбек Сапаров өңірлерге ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту қарқынын жеделдетуді тапсырды

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен өткен кеңесте ветеринариялық қауіпсіздік, инфрақұрылымды дамыту және саланы цифрландыру мәселелері қаралды. Кеңеске министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, комитет төрағалары, ведомстволық бағынысты ұйымдар мен өңірлер әкімдіктерінің өкілдері қатысты.

«Мемлекет ветеринариялық-санитариялық қызметті дамытуға ерекше көңіл бөледі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарымен қатар, 2026–2030 жылдарға арналған Ветеринарияны дамытудың кешенді жоспары бекітілді. Оны іске асыруға 66,2 млрд теңге қарастырылған. Алайда жергілікті жерлерде жұмыс тиісті деңгейде жүргізілмей отыр», – деді Айдарбек Сапаров.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалиннің айтуынша, соңғы екі жылда өңірлерде жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен жалпы құны 10,6 млрд теңге болатын 626 ветеринариялық инфрақұрылым нысаны салынды және сатып алынды.

2026–2027 жылдары республикалық бюджет қаражаты есебінен ветеринариялық инфрақұрылымның тағы 2 399 нысанын құру жоспарлануда. 2026 жылы осы мақсаттарға 36,3 млрд теңге қарастырылған. Бұл қаражат 1 298 нысанның құрылысына бағытталады.

Сонымен қатар бірқатар өңір белгіленген жұмыс кестесін сақтамай отыр. Әсіресе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Алматы және Павлодар облыстарында, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстарында ветеринариялық пункттер құрылысының қарқыны төмендігі байқалады.

Мал қорымдарын салу бойынша Қостанай, Ақмола, Қызылорда, Павлодар және Түркістан облыстарында белгіленген жұмыс кестесінен сай еместігі байқалады.

Министр әкімдіктерге ветеринариялық пункттер, мал қорымдары және аудандық ветеринариялық станциялардың құрылысын жеделдетуді тапсырды. Бұл ретте жер учаскелерін уақтылы бөлуді және инженерлік коммуникацияларды тартуды қамтамасыз етуге ерекше назар аудару қажет.

Кеңесте ауыл шаруашылығы жануарларының иелерін «Tort Tulik» мобильді қосымшасында тіркеу мәселесіне де көңіл бөлінді.

Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында оң динамикаға қарамастан, ауыл шаруашылығы жануарлары иелерін тіркеу жеткілікті деңгейде емес.

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық бөлімшелері мен әкімдіктерге ауыл шаруашылығы жануарларының иелерімен жұмысты жандандыру және жүйемен қамтуды одан әрі кеңейтуді қамтамасыз ету тапсырылды.

Ет пен жануарлардан алынатын өнімдердің қадағалану жүйесі «фермадан үстелге дейін» қағидаты бойынша енгізілуде. Былтырғы сәуірден бастап «Ветеринариялық-санитариялық сараптама» модулі жұмыс істеп келеді.

Пилоттық режимде сою өнімдерін пайдаланатын нысандар – қоғамдық тамақтану орындары, мектептер, балабақшалар мен ауруханалар есепке алынуда.

Бүгінгі таңда жүйеге 15 754 қоғамдық тамақтану нысаны қосылған.

Қызылорда, Павлодар, Алматы, Атырау және Қарағанды облыстарында, сондай-ақ Ұлытау және Жетісу облыстарында жүйемен қамту деңгейі өте төмен.

Өңірлерге 2026 жылғы 1 қазанға дейін нысандарды жүйеге қосуды аяқтау тапсырылды.

«Біз сою нысандарын салу және жаңғырту мәселесінде бизнес пен әкімдіктер тарапынан белсенділіктің жеткіліксіз екенін көріп отырмыз. Бұл ретте мемлекет тиісті жобаларды іске асыру үшін қолдау шараларын қарастырған, оның ішінде жылдық 2,5% мөлшерлемемен 10 жылға дейінгі мерзімге жеңілдетілген кредит беру мүмкіндігі бар. Қазіргі уақытта жобалар тек Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында іске асырылуда. Жұмысты күшейту қажет», – деді министр.

Кеңес соңында Айдарбек Сапаров ветеринариялық инфрақұрылым нысандарының құрылысын жеделдетуді және ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды күшейтуді тапсырды.

  • 08.09.2026
  • 4
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика