- Блогтар
- Саясат Нұрбек
Саясат Нұрбек
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі
Ұлттық жастар диалогы: Қазақстанда атом саласына кадр даярлау мәселелері талқыланды
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Тең дәрежедегі ядролық диалог: жастардың атом саласына қадамы» атты Ұлттық жастар диалогы өтті. Студенттермен ашық форматтағы кездесуге ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев қатысты.
Атом саласын дамыту мәселелеріне арналған алғашқы жастар диалогтары Алматы мен Астана қалаларында өтті. Диалог барысында атом саласына отандық кадрлар даярлау, білім беру бағдарламаларын дамыту, студенттердің практикалық даярлығын күшейту және саланың технологиялық даму жағдайында сұранысқа ие жаңа құзыреттерді қалыптастыру мәселелеріне баса назар аударылды.
Ғылым және жоғары білім министрі атом энергетикасының дамуы білікті кадрларға ұзақ мерзімді сұраныс қалыптастыратынын, ал жоғары білім беру жүйесі бұл қажеттіліктерге уақытылы жауап беруі тиіс екенін атап өтті.
- 11.09.2026
- 3


