- Блогтар
- Саясат Нұрбек
Саясат Нұрбек
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі
Қазақстан мен Корея ғылым, жоғары білім және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастықты нығайтады
15 қыркүйек күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында Қазақ-корей дөңгелек үстелі өтті. Іс-шара қорытындысы бойынша ғылым, жоғары білім, жасанды интеллект және жоғары технологиялар салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталған маңызды келісімдер топтамасы рәсімделді.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан ведомствоаралық, мекемеаралық және жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты қамтитын 40-тан астам құжатқа қол қойылды. Қол жеткізілген келісімдер бірлескен зерттеулерді дамытуға, технологиялық ынтымақтастықты нығайтуға, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар даярлауға және екі елдің академиялық байланыстарын кеңейтуге бағытталған.
- 15.09.2026
- 3


