- Блогтар
- Саясат Нұрбек
Саясат Нұрбек
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі
Ғылым министрі Кореяда ғылым мен жоғары білімді дамытудың қазақстандық тәжірибесін таныстырды
Бүгін, 17 қыркүйекте, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Корея Республикасының Тэджон қаласындағы Вусонг университетінде (Woosong University) дәріс оқыды.
Дәріс барысында министр Қазақстандағы ғылым мен жоғары білімді дамытудың негізгі басымдықтарын таныстырды. Оның ішінде іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамыту, адами капиталды нығайту, инновацияларды енгізу, білім беруді цифрлық трансформациялау, сондай-ақ халықаралық академиялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне басымдық берілді. Сонымен қатар зерттеу әлеуетін арттыру, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлау және заманауи технологияларды білім беру үдерісіне енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
- 17.09.2026
- 3


