- Блогтар
- Әбілқасымова М.Е.
Әбілқасымова М.Е.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы
Агенттік Оңтүстік Кореяға жұмыс сапарымен барды
Президенттің Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында Агенттік Корея Республикасының қаржы реттеуші органының басшысымен кездесу өткізіп, Корея мен Қазақстан арасындағы қаржылық ынтымақтастық жөніндегі семинарға құрметті қонақ ретінде қатысты, сондай-ақ кореялық BNK Busan Bank банкінің басшылығымен кездесті.
Сапар барысында Агенттік Кореяның Қаржылық қызметтер жөніндегі комиссиясының (Financial Services Commission) төрағасы Ли Ын Вонмен кездесу өткізді.
Тараптар екі ел арасындағы қаржылық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, оның ішінде қаржылық реттеу, капитал нарығын дамыту және озық тәжірибе алмасу салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері бойынша пікір алмасты.
Сапардың негізгі іс-шараларының бірі тұрақтылық пен өсуді қамтамасыз ету мақсатында қаржылық ынтымақтастықты дамытуға арналған Корея мен Қазақстан арасындағы қаржылық ынтымақтастық жөніндегі семинар болды. Семинарды Қазақстан делегациясы үшін Корея Республикасының Қаржылық қызметтер жөніндегі комиссиясының қатысуымен Халықаралық қаржылық ынтымақтастық кеңесі (Council on International Financial Cooperation) ұйымдастырды.
Сапардың іскерлік бағдарламасы аясында Агенттік BNK Busan Bank банкінің басшылығымен кездесті.
Кездесу барысында кореялық қаржы институттарының екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды рөлі атап өтіліп, қаржы саласындағы өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту перспективалары талқыланды.
«БиЭнКей» коммерциялық банкі» АҚ-ты Қазақстанда BNK Financial Group халықаралық қаржы тобы 2025 жылы ашты. Еншілес банктің активтері 25,7 млрд теңгені құрайды.
Еске салсақ, 2024 жылғы маусымда Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёльдің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары аясында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Корея Республикасының Қаржылық қызметтер жөніндегі комиссиясы (FSC) және Қаржылық қадағалау қызметі (FSS) арасында банктік қадағалау саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.
Меморандум Базель Банктерді қадағалау комитетінің ұсынымдарын ескере отырып, сондай-ақ банктерді реттеу саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттарға сәйкес әзірленді.
- 18.09.2026
- 5


