- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДӘРІ АЛҒАШ РЕТ ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ НАРЫҒЫНА ЖІБЕРІЛДІ
Қазақстанда шығарылған дәрілік препарат алғаш рет Еуропалық одақ нарығына жөнелтілді. Болгарияға экспортталған алғашқы өнім партиясын халықаралық Polpharma Group құрамына кіретін, SANTO сауда белгісімен өнім шығаратын «Химфарм» АҚ өндірді.
🔷 Болгария Республикасына SIGLETIC 100 мг №28 препаратының 7 841 қаптамасы жөнелтілді. Құрамында ситаглиптин бар дәрілік зат екінші типті қант диабетімен ауыратын ересек науқастардың қанындағы глюкоза деңгейін бақылауда қолданылады.
🔷 Дәрінің алғашқы партиясы Шымкент қаласынан жіберілді. Жөнелту рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, кәсіпорын басшылығы мен қызметкерлері, серіктестер және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
🔷 Еуропа нарығына шығу өндірісті ауқымды түрде дайындаудың нәтижесінде жүзеге асып отыр. Еуропа нарығының талаптарына сай өнім шығару үшін кәсіпорын өндірістік қуаттарын жаңартып, халықаралық сапа стандарттарын енгізді.
🔷 2025 жылы еуропалық реттеуші органдар жүргізген инспекция қорытындысы бойынша «Химфарм» Еуропалық одақтың GMP талаптарына сәйкестік сертификатын алды. Бұл кәсіпорындағы өндірістік процестердің еуропалық талаптарға сәйкес екенін растады.
- 21.09.2026
- 3


