- Блогтар
- Саясат Нұрбек
Саясат Нұрбек
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі
Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына әйелдердің білім мен ғылымға қатысуын кеңейту бойынша нәтижелерін таныстырды
Женевада Қазақстан делегациясы мен БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою жөніндегі комитеті арасында Қазақстан Республикасының Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияны орындау жөніндегі алтыншы мерзімді баяндамасын қарау аясында сындарлы диалог өтті.
Қазақстан Комитетке әйелдердің құқығын қорғауға, олардың шешім қабылдау үдерістеріне қатысуын кеңейтуге, экономикалық мүмкіндіктерін арттыруға, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл шараларын күшейтуге бағытталған жүйелі реформалардың нақты нәтижелерін таныстырды.
Қазақстан делегациясының құрамында ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова болды. Отырыста ол Комитет мүшелерінің білім беру саласына қатысты, оның ішінде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сұрақтарына жауап берді.
- 07.10.2026
- 3


