- Блогтар
- Әбілқасымова М.Е.
Әбілқасымова М.Е.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы
ҚНРДА Hanwha Life-пен Қазақстанның қаржы нарығына шығу перспективаларын талқылады
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Корея Республикасының жетекші қаржы компанияларының бірі және ірі Hanwha Group қаржы-өнеркәсіптік тобының құрамына кіретін Hanwha Life компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.
Корея делегациясын Hanwha Life Басқарушы директоры және Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка өңіріндегі өкілдік басшысы Канг Бумду басқарды.
Кездесу барысында тараптар Қазақстанның қаржы нарығында Hanwha Life қатысуын кеңейту перспективаларын, сондай-ақ қаржылық технологиялар мен цифрлық қаржы құралдары саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттарын талқылады.
Hanwha Life өкілдері компанияның цифрлық қаржылық шешімдерді дамытудағы, қаржы құралдарын токендеудегі және заманауи цифрлық сервистерді енгізудегі тәжірибесі туралы айтып берді.
Hanwha Group – Корея Республикасының 1952 жылы құрылған ірі қаржылық-өнеркәсіптік топтарының бірі. Топ қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінде, энергетика мен кеме жасауда, қаржы секторында, сондай-ақ технологиялық және сервистік бағыттарда қызметін жүзеге асырады. Топтың бас компаниясы Hanwha Corporation болып табылады.
Сонымен қатар, Агенттік Presight AI компаниясының бас директоры Томас Прамотедхам бастаған өкілдерімен кездесу өткізді.
Тараптар токендеуді дамыту, цифрлық қаржы активтерін қолдану және қаржы секторында заманауи технологиялық шешімдерді пайдалану мәселелерін талқылады. Аталған бағыттарды дамыту инвестициялық құралдарды кеңейту, қаржылық операциялардың тиімділігін арттыру және тәуекелдерді басқаруды жетілдіру үшін мүмкіндіктер ашады.
Кездесу барысында цифрлық инновацияларды енгізудің реттеу ортасын одан әрі жетілдіруді, операциялардың ашықтығын қамтамасыз етуді және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуді талап ететіні атап өтілді.
- 09.10.2026
- 6


