- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
АППАРАТ ОТЫРЫСЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
🔷 Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте мемлекеттік қызмет саласындағы өзгерістер мен Республика күніне дайындық мәселелері қаралды.
🔷 ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Қанат Қадырбеков 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заңның негізгі өзгерістері, мемлекеттік қызмет саласының қазіргі жағдайы және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері туралы баяндады.
🔷 Сонымен қатар, бос мемлекеттік лауазымдарды уақтылы толықтырудың, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттырудың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамада белгіленген шектеулерді сақтаудың маңыздылығына тоқталды.
🔷 Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаевтың айтуынша, Республика күніне орай қалада 46 іс-шара өткізу жоспарланған. Оның ішінде мәдениет және өнер мекемелерінде 21 мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастырылады.
🔷 Негізгі мерекелік іс-шаралар 23–25 қазан күндері өтеді. 23 қазанда «Қызғалдақ сарайында» қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік наградалар табыстауға арналған салтанатты рәсім ұйымдастырылады. Сонымен қатар Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған мюзикл ұсынылады.
- 13.10.2026
- 2


